Атырауда жолдар қардан тазаланып жатыр

(0 Votes)

  Облыстық маңызы бар жолдарда қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңызы бар Атырау-Индер және Атырау-Қызылқоға бағыттарындағы тасжолдарда қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау-Индер бағытында екі КДМ техникасы жұмылдырылып, төрт маман еңбек етуде. Ал Атырау–Қызылқоға бағытындағы жұмыстарға төрт КДМ, қос тиегіш техника, бір автогрейдер және сегіз жол қызметкері тартылды.

Көлік қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін былтырдан бері жолға 1500 тонна инертті материал себілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізушілерге жол ережелерін сақтап, жылдамдықты шамадан тыс асырмау ұсынылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT