Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің хабарлауынша, дауыс беру процесі өтетін бөлмеде тиісті жағдайлар жасалынып, күзет қойылып, санитарлық-эпидемологиялық талаптарға сәйкестендірілген.
- Сайлау процесіне қатысушылар барлық азаматтар санитарлық-эпидемологиялық талаптарды қатаң сақтайтын болады. Сайлау комиссиясының мүшелері алдын-ала коронавирусқа ПТР әдісімен тест тапсырды. Өйткені Атырау облысы әлі де қызыл аймақта тұр,-деді облыстық ҚАЖД бастығы Манарбек Габдуллин.
Айта кету керек, осыған дейін тергеу изоляторының қызметкерлері айыпталушы азаматтарды дауыс бері тәртібімен, талаптарымен таныстырған болатын. Тергеу абақтысындағы сайлау учаскелеріне кіру ҚР құқықтық-нормативтік актілерінн және “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетсек, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Заңына сәйкес тергеу изоляторындағы сот үкімі әлі күшіне енбеген азаматтар дауыс беру құқығына толықтай ие.