9 қыркүйек күні Атырау қалалық әкімшілік соты Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/9 (ерлер түзету колониясы) мекемесінің аумағы ұялы телефон, модем және сим-карта лақтырған қала тұрғынына қаулы шығарды.
11 тамыз күні түнгі сағат 3-тер шамасында мекеменің қарауылы скотчқа оралған белгісіз заттардың мекеме аумағына лақтырылғанын хабарлап, Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел-тергеу тобы шақырылды.
- Айғақ заттарды қарау кезінде 4 “Samsung” ұялы телефоны, қуаттағыш құрылғы, сим-карталар мен 2 модем табылды. Ұялы телефонды қарау кезінде ішінен қала тұрғынының суреттері табылған. Одан бөлек түнгі уақытты жасырынып, заттардың түскен жеріне келген мекемеде жазасын өтеп жатқан азамат ұсталды,- деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі.
Департаменттің полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде заттарды лақтырған азамат та ұсталды. Айта кету керек, жазасын өтеуші заңсыз сәлемдемені кімнің лақтырғанын айтпаған. Сондай-ақ мамыр айында “курьер” мен “тапсырыс беруші” қысқа мерзімді кездесу кезінде кездескен. Атырау қалалық әкімшілік сотының қаулысымен сәлемдеме лақтырған 25-жастағы қала тұрғынына әкімшілік жаза қолданып, УГ-157/9 мекемесінің әкімшілігімен сәлемдемені қабылдап алмақ болған жазасын өтеушіге тәртіптік жаза қолданылды.