Атырауда «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылды

(0 Votes)

10 қыркүйектен бастап Атырауда "Сергек" бейнебақылау жүйесі іске қосылды.

Бірнеше шолу және белгілеп-бекіту камераларынан тұратын бұл аппараттық-бағдарламалық кешендер облыс орталығында көлік жолдарының 153 желілік учаскесінде және 51 көше қиылысына орнатылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылған бұл жобаның басым бөлігін 774 бейнебақылау камералары құрайды.

Сонымен қатар, "Сергек" бұрын орнатылған қалалық Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бейнекамераларымен де біріктірілген, соның арқасында Атырау полицейлері тек көлік қозғалысына қатысты бұзушылықтар ғана емес, қаладағы аулаларды, басқа да қоғамдық орындарды бақылай алады.

"Сергек" кешені камераларымен 10 қыркүйек күнгі сағат 15.00-ден бастап бір жарым күн ішінде (11 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін) 300-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды.

Талдау көрсеткендей, олар негізінен, тоқтау сызығын, үздіксіз сызықтың қиылысын басу, жылдамдықты арттыру, сондай-ақ бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өту. Қазіргі уақытта "Сергек" кешенінің жұмысы жалғасуда, анықталған бұзушылықтар бойынша ақпарат өңделеді, ал айыппұл туралы хабарламаларды автокөлік иелері "Қазпошта"арқылы тіркелген мекен-жайлары бойынша үйлеріне алады.

Атырау облыстық Департаменті баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521