Атырауда «Saraishyq Upgrade 2023» халықаралық Жастар Форумы басталды

(0 Votes)

Мұнайлы өлкеде халықаралық Жастар Форумы өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress.

 Жастардың дамуына атсалысатын іс-шара ІТ технологиялар, маркетинг, өнер және мәдениет, кинематография бағыттары бойынша өтіп жатыр. Спикерлер теориялық білім беріп, оны тәжірибе жүзінде ұштамақ. Форум соңында жастар жобаларын қорғайтын болады.

Форумды облыс әкімі Серік Шәпкенов ашып, шығармашыл жастар – елдің дамуына ықпал жасайтынын атап өтіп, халықаралық деңгейдегі іс-шараның сәтті өтуін тіледі.

Айта кетейік, «Кинематографиядан» Жандос Айбасов, Ернар Нұрғалиев, «Маркетингтен» Антон Ким, Абылай Юсупов, «Сандық технологиялардан» Жандос Турсумбаев, Ерлан Есімсеитов, «Музыкадан» Ерболат Беделхан, Азат Абыкен және Айзатулла Хусейн дәріс өтуде.

Форумды ұйымдастырушы «Ақсұңқар» қоғамдық қоры өкілдерінің айтуынша, басты мақсат – республикалық деңгейдегі спикерлермен тәжірибе алмасу, теориялық және практикалық дайындық, шабыттану және өзекті мәселелерді шешудің жаңа жолдарын жасау.

Халықаралық Форумға Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының жастары қатысуда. Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтіп жатқан форум 2 күнге созылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT