Атырау қаласында Ғизат Әліпов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Аtyraupress тілшісі.
Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыстар 1,5 айға созылды, қазіргі уақытта жол көлік қозғалысы үшін толық ашық.
⁃ Жөнделген көшенің жалпы ұзындығы 272 метрді құрайды. Жөндеу жұмыстары кезінде жер астында орналасқан жылыту жүйесінің бетіне жаңа бетон құймалары төселіп, тротуар төселді. Құрылыс жұмыстарын "МКДСМ" ЖШС мамандары жүргізді,-деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.