Атырауда есірткі таратумен айналысқан кәмелетке толмаған өзге облыс тұрғыны ұсталды

Атырауда есірткі таратумен айналысқан кәмелетке толмаған өзге облыс тұрғыны ұсталды
(0 Votes)

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағындағы көшелердің бірінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 17 жастағы кәмелетке толмаған Қызылорда тұрғынын ұстады. 

Жеке тінту кезінде күдіктіден әрқайсысы 1 граммды құрайтын ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған қара изолентаға оралған 25 бума тәркіленді. Алынған заттар салмағы 24,7 грамм болатын «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Қазіргі уақытта жасөспірім сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297 – бабы 3 – бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға  жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT