Атырауда «Домбыра үні – ұлттың үні» атты мәдени шара өтті

(0 Votes)

 Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра үні – ұлттың үні» атты мәдени шара мен уақытша көрме ұйымдастырылды.

Мәдени шараның мақсаты – ұлттық аспаптың қадір-қасиетін ұлықтап, жастар арасында домбыраға деген қызығушылықты арттыру, күй өнеріне баулу. Домбыраның қазақ мәдениетіндегі орны мен рухани құндылығы, оның халық өміріндегі тәрбиелік маңызы кеңінен насихатталды.

Кеш барысында Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, танымал күйшілер мен өнер майталмандары сөз алып, ұлттық өнердің маңызын атап өтті.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT