Қаламызда жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны алаңдатарлық деңгейде. Мәселен, 1 шілде күні сағат 18:30 шамасында 1978 ж.т. «Kia Sorento» автокөлігінің жүргізушісі 2023 ж.т. жасөспірімді қағып кеткен. Бала ауыр жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы тектес оқиға, 3 шілде күні 18:50 шамасында орын алды. 1996 ж.т. жүргізуші «Lada Granta» автокөлігімен 2020 ж.т. жасөспірімді қағып кеткен. Бала да жансақтау бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Құрметті ата-аналар! Жол қауіп көзі!
Балаларды үй аулаларында қараусыз қалдырмаңыздар! Есте сақтаңыз! Бала тек ересектермен бірге жүруі керек.
Құрметті жүргізушілер! Тұрғын үй аулаларында жылдамдықты төмендетіңіздер!
- Көлік артында бала жоқ екеніне көз жеткізіңіз;
- Қауіпсіздік белдігі мен жаяу жүргінші жолағына мән беріңіз.
Балаларды қауіптен қорғайық!