Атырауда белсенді партия мүшелері марапатталды

(0 Votes)

Республика күніне орай ел дамуына зор үлес қосып, «AMANAT» партиясының стратегиялық бағытын қолдаған және оның бағдарламалық міндеттері мен жобаларын жүзеге асыруға белсене атсалысқан Атырау облысындағы партия мүшелері лайықты марапаттарға ие болды.

 Аталған партия филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты іс-шарада «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов Республика күнінің мән-маңызына тоқталып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

-Бұл күн халқымыздың азаттығы мен тәуелсіздігін бейнелеуде ерекше маңызды. Бұл күн – ата-бабамыз армандаған тәуелсіздіктің алғашқы тұғырының бекіген күні. Айтулы мерекеде марапатталған әріптестерді шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық және қызметте жаңа табыстар тілеймін! Республика күні құтты, егемендігіміз мәңгілік болсын! – деді А.Идресов.

Мерекелік жиында белсенді партия мүшелері «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен және партияның «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Бұл жетістік олардың қоғам игілігіне қосқан еңбектерін жоғары бағалаудың айқын көрінісі болды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT