Атырауда балабақшаға кезек 70% қысқарды

Атырауда балабақшаға кезек 70% қысқарды
(0 Votes)

Атырауда 1 шілдеден бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы іске қосылып, нәтижесінде балабақшаға кезек 70% қысқарды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде Атырау қаласындағы 171 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 47 мемлекеттік және 124 жекеменшік мекеме жаңа жүйемен жұмыс істейді. Шілде-тамыз айларында ата-аналарға барлығы 20 мыңнан астам ваучер беріліп, нәтижесінде балабақшаға кезек 17 211 баладан 5 348-ге дейін азайды.

- Биыл Қадамдық жоспарға сәйкес жыл соңына дейін облыста қосымша 4 200 жаңа орын ашу жоспарланды. Оның ішінде 810 орындық 5 жаңа балабақша пайдалануға беріледі. Бұған қоса жекеменшік ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс көлемі артады. Сондай-ақ балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Беске дейін үлгер» және «Тілге бойлау» атты республикалық жобалар да қыркүйектен бастап облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында түгел енгізіледі, - деді Атырау облысы Білім беру басқарамасының бас маманы Гүлсім  Ғилманова.

Мамандардың айтуынша, ваучерлік қаржыландыру жүйесі Атырауда мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті арттырып, ата-аналардың ұзақ кезекте тұру мәселесін айтарлықтай жеңілдеткен.

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT