Атырауда 50-ге жуық адам наркоскринингтік эксперименттен өтті

Атырауда 50-ге жуық адам наркоскринингтік эксперименттен өтті
Сурет видеодан алынды
(0 Votes)

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі құқықбұзушылығы профилактикасының өңірлік кеңес мүшелерімен бірлесіп, қала тұрғындары көп шоғырланатын орын – «Infinity Mall» ірі ойын-сауық орталығында наркоскринингтік эксперимент өткізді.

Іс-шара келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. 50-ге жуық азамат өз еркімен скринингтен өтуге ниет білдіріп, барлығының нәтижесі таза болып шықты. Бұл көрсеткіш қоғамда салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын айқындап, жастар арасында нашақорлыққа қарсы иммунитеттің бар екенін көрсетті. Скрининг барысында нарколог мамандар тұрғындарға заманауи әдістердің тиімділігі мен жеделдігі түсіндіріліп, нашақорлықтың денсаулыққа және болашаққа тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берді.

Мұндай профилактикалық шаралар қоғамның нашақорлыққа қарсы күрестегі бірлігін күшейтіп, салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT