Atyrau Youth Hackathon жеңімпаздары анықталды

(0 Votes)

Атырауда жастарға арналған инновациялық идеялар байқауы — Atyrau Youth Hackathon өз мәресіне жетті. Финалға шыққан 13 команда бар-жоғы 24 сағат ішінде білім саласындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған IT жобаларын әзірлеп, үздіктер анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Барлығы 105 өтінім қабылданып, оның ішінен 52 қатысушы (13 команда) іріктеуден өтті.

Олар білім саласындағы 3 өзекті мәселені шешуге бағытталған IT жобаларын небәрі 24 сағат ішінде жасап шығуы керек болды.

Қатысушыларға бағыт-бағдар беру мақсатында арнайы шақырылған республикалық деңгейдегі сарапшылар — Тимур Бектұр және Данабек Қалиаждаров шеберлік сағаттарын өткізіп, командаларға құнды кеңестермен бөлісті.

Бүгінгі питч-сессияда үздік командалар анықталды:

Default team – 1 орын, 700.000 тг

Оқыту жүйесін оңтайландыруға арналған платформа жасау кейсі бойынша Oi-Canvas платформасын жасақтады. Бұл оқушыларға өз ойлау жүйесін визуализациялауға, ал мұғалімдерге оқушылардың жетістіктерін нақты уақытта бақылап, талдауға мүмкіндік беретін жасанды интеллектке негізделген интерактивті білім беру платформасы

Bilim Force – 2 орын, 500.000 тг

Оқытушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған қосымша жасау кейсі бойынша, команда “Pro Mentor” өнімін ұсынды. Бұл қосымшада мұғалімдер өзіне қажетті ақпараттар мен әдістемелік ресурстарды ала алады және мұғалім "диагностика" батырмасын басу арқылы өзінің кәсіби деңгейін анықтай алады.

Mango – 3 орын, 300.000 тг

Түлектерге арналған кәсіптік бағдар беру платформасы жасау кейсі бойынша, команда “Pathfinder” жобасын дайындады. Бұл абитуриенттің колледждер мен университеттердегі сабақтарға қашықтан, нақты уақыт режимінде қатысуына және бақылауына мүмкіндік беруіне негізделген бағдарлама.

Енді жеңімпаз командалар өз жобаларын 1,5 ай ішінде толық жүзеге асыруы тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT