Атырау облысы прокуратурасы алқасының отырысы туралы

(0 Votes)

 Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен облыс әкімінің орынбасары, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қатысуымен облыс прокуратурасы алқасының отырысы өтті.

Іс-шарада медициналық мекемелерде анна және бала өлімінің алдын алудың проблемалық мәселелері талқыланды.

«Аналар мен балалардың денсаулығы – мемлекет пен қоғамның басты қамқорлығы болып табылады. Болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғаудың маңызды стратегиялық бағытын қалыптастыру әрқашан мемлекеттің басым міндеті болып қала береді», – деді облыс прокуроры.

Осы бағыттағы жұмыс сапасына сын айта отырып, қадағалау ведомствоның басшысы «фертильді жастағы әйелдерге емханаларда сапалы бақылауды ұйымдастыруды, вакцинация, дабыл белгілері жөнінде кеңес беру, жүктілікке дейін және жүктілік кезінде экстрагенитальды ауруларды анықтау мен емдеу, учаскелік қызмет, акушер-гинекологтар мен бейінді мамандар арасындағы өзара әрекеттесуі, жүкті әйелдердің патронажы уақтылы жүргізілуін ұйымдастыруы қажеттігін» атап өтті.

Қорытындылай келе, «босану үшін перинаталдық мекемелерге түскендерді үнемі ерекше бақылауда ұстап, осы бағыттағы жұмыстарды тиянақты жүргізуді, анаға босануға көмектесуді жанашырлықпен жүзеге асыруды» талап етті.

«Жүкті ананың жағдайын әр кездеде әлсіз болатынын ескеруге» қосымша ерекше назар аударды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT