Атырау-Доссор тас жолынан 2 миллион қарызы бар жүргізуші ұсталды (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Атырау-Доссор тас жолы бойында патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамаған “Toyota Camry” автокөлігінің артынан ерген тәртіп сақшылары қала шетіндегі Жұлдыз ықшам ауданында тоқтатты. Тексеру барысында, көліктің мемлекеттік белгісі жалған болып шықты деп хабарлайды Атырау облыстық департамент полициясы.

24-жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабы 1 бөлімі (полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату талабын орындамау), 590 бабының 5 бөлімінің 17.7. тармағы (сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сай келмеуі), 590 бабының 5 бөлімі 7.4 тармағына сай (алдыңғы әйнегін қараңғылату), 595 бабының 1 бөлімі (жол жүрісі қағидасын бұзу), 599 бабының 1 бөлімі (бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту), 606 бабының 1 бөлімі (жол апатын тудыру), 593 бабының 2 бөлімі (қауіпсіздік белдігін тақпау) бойынша 7 әкімшілік хаттамалар жасақталып, 180 570 теңге көлемінде айыппұл салынды. Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлімімен (жалған мемлекеттік белгі орнату), 596 бабының 3 бөлімімен (жолдың қарсы бағытына шығу) бойынша тағы 2 әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар, аталған автокөліктің жалған мемлекеттік белігісінде 2 млн 391 858 теңгені құрайтын 104 айыппұл, өзіне тіркелген мемлекеттік белгісінде 272 мың 244 теңгені құрайтын 12 айыппұлдары бар екендігі анықталды. Екі миллионнан астам бережағы бар автокөлік айып тұрағына қойылып, жүргізушісі жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Сурет: ашық дереккөз

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521