Әйелге қол көтергені - ездіктің белгісі

(0 Votes)

Елімізде  «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бастау алады. Ол 25 қараша мен 10-шы желтоқсан аралығын қамтитын болады.

Жалпы акцияның мақсаты - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған.

Бүгінде қоғамда зорлық-зомбылық, күш көрсету, әлімжеттік жасау секілді күш қолдану арқылы өзгеге моральдық зиянын тигізіп қана қоймай, түрлі дене жарақатын салу фактісі жиі кездесіп қалады.

Бұл әрекет айуандықпен қана өлшенері сөзсіз. Десек те, күш басымдығымен өз отбасына ойран салып жүрген сабаздардың әлі де айылын жимай отырғаны ащы болса да ,шындық.

 Акция кезінде тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен,  әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырамауының алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, онлайн режимінде кездесулер, өзге де шаралар жүргізілетін болады.

К.Серикбаева,

Мақат АІІБ-нің ЖПҚ-ның ЮПТ КТТЖ

инспекторы полиция капитаны.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT