«Атырау-Астрахань» тас жолы жыл соңында пайдалануға беріледі

«Атырау-Астрахань» тас жолы жыл соңында пайдалануға беріледі
(0 Votes)

 Бүгінде «Атырау-Астрахань» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстарының 85% аяқталып, жыл соңында халық игілігіне пайдалануға беріледі. 212 шақырымы қайта жаңғыртудан өтіп жатқан халықаралық маңызы бар жолға 111,3млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы Атырауда Министр өкілдері бас қосқан семинарда айтылды. Атыраудан Астраханьға дейін қатынайтын жол қайта жаңғыртудан соң екінші санатқа ауыстырылады. «Атырау-Астрахань» тас жолы қолданысқа жыл соңына дейін толығымен тапсырылады. Жол пайдаланушылардан бөлек, еліміздің транзиттік әлеуетін жақсарту үшін де пайдаға асу қажет. Көлік қозғалысы артып, осы жерден өтетін шетелдің көлік құралдары жанар-жағармай алып, тамақтануы керек, түрлі қызметтер көруі керек» дейді ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев семинар барысында. 

«Атырау-Астрахань» тас жолын қайта жаңғырту 2019 жылы басталды. “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” мекемесі атқарылып жатқан жұмыстар мен жол сапасы қалай тексерілетінін БАҚ өкілдеріне таныстыру үшін «Сапа керуені» баспасөз-турын ұйымдастырды. Тілшілер Исатай ауданындағы жол сапасынын қадағалайтын зертханада болып, тас жолын салу кезінде сынама қалай алынатынын көзбен көріп қайтты. «Атырау-Астарахань» тасжолын салу барысында 2000-ға жуық жол құрылыс материалынан сынама алынды. 9% материалдың техникалық талапқа сай келмейтінін анықталды. Бүгінде анықталған ақауларды қалыпқа келтірілді. Жолдың сапасына бес жыл беріледі. Осы аралықта қандай да бір ақау табылса, мердігер мекеме жөндеп береді», дейді«ЖАСҰО» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев.

Осыған дейін атыраулықтар бұл трассаның аяқталмай жатқанына бірнеше мәрте шағымданған болатын. Ұзаққа созылуының басты себебі: Атырау облысында шебіннің жоқтығы, басқа қаладан тасу уақытты қажет етеді. Бірақ мердігер мекеме өз тупигімізді теміржолға салып, жұмысты реттедік дейді:

«Біз 80 шақырым учаскені пайдалануға тапсырдық. 1 зауытымыз бар. 3 жылда жол құрылысына 120 техника, 200-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Соңғы участокта 250мың тонна асфальт салдық. Атырау облысында шебін болмағаннан кейін 22 мың вагон қиыршақтасты Ақтөбе облысынан тасып, 21 мың битум Маңғыстаудан жеткізілді» дейді мердігер мекеме өкілі Ахмет Мудуроглы.

Атырау қаласынан төрт бағытқа шығатын республикалық жолдың бірін жаңғыртып, пайдалануға беру жергілікті тұрғындар мен жүк тасушыларға айтарлықтай қуанышты жаңалық болды.

«Бұрын жол ескі еді. Жол көлік апаты көп болды. Енді міне халық игілігіне жаңа жол беріліп жатыр. Өте ризамыз» дейді Құрманғазы ауданының тұрғыны Рысқалиев Ержан.

Ал, жүк көлік жүргізушісі болып 4 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан әзірбайжан азаматы жол жүру уақытының қысқарғанын айтты.

«Жол жүру кезінде көп жағдай орын алады. Солардың бір себебі: тас жолдың болмауы. Біз қазір Алматы қаласынан Әзірбайжанға бағыт алдық. Бұрын осы трассамен 10 күндей жүретінбіз, қазір 6 күнде жетеміз. Жүргізушілер үшін бұл қуанышты жаңалық» дейді әзірбайжандық жүк көлік жүргізушісі Абдуллаев Русал.

Айта кетейік, «Атырау-Астрахань» тас жол қозғалысының жылдамдығы 110км/сағ. Аталмыш жолмен тәулігіне 5 мыңға жуық автокөлік өтеді. Толық пайдалануға берілгеннен кейін көлік ағыны 75%-ға артады.

Жалпы Атырау облысы бойынша 3052 шақырым жол бар. Оның 1926-сы облыстық, 1126-сы республикалық маңызы бар жол. Қазіргі уақытта облыс бойынша жолдың сапасы 76% құрайды.

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT