«Атырау-Аққыстау-Құрманғазы-Д.Нұрпейісова» пойызы тамыздан бастап жүрмек

(0 Votes)

«Атырау-Д.Нұрпейсова» бағытында пойыз шығару көптен көтеріліп келе жатқан өткір мәселенің бірі.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов те бұл проблеманы үнемі бақылауында ұстап, жылдамдатып шешуді тапсырған болатын.

Облыстық мәслихат та бұл бағытта пойыз жүргізуді әлеуметтік маңызы бар іс-шара ретінде қолдады.

Қазір облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тиісті жұмыстарға кірісті. 13 шілдеде «Атырау-Аққыстау-Құрманғазы-Д.Нұрпейісова» бағытында теміржол көлігі арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін ашық конкурс жарияланды.

Конкурсқа қатысып, тасымалдаушы болғысы келетін 5 мекеменің құжаттары қабылданды. Қолданыстағы заңдарға сай, конкурстық комиссияның отырысы өтіп, жеңімпаз анықталып, хаттама толтырылады.

Содан кейін барып Басқармамен мердігер мекеме арасында келісім-шарт жасақталады.

 Шамамен жолаушылар пойызы тамыз айында жүре бастайды деп жоспарланып отыр.

depti.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT