Астана төрінде - Атырау өнімдері

(0 Votes)

 Ұсынылған өнімдер Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 50 мекенжайында, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аумағына орналыстырылды. Аталған жәрмеңкеге Атырау облысының әкімінің орынбасары Марат Мурзиев пен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат Өтеғұлов қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі. 

-Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерінің 17 түрі, балық және балық өнімдерінің 48 түрі, бау-бақша өнімдерінің 12 түрі, барлығы 72 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Жәрмеңкеде аталған тауар түрлері нарықтық деңгейде төмен бағада сатылды, әрі жергілікті өнімдер мен өндірілген тауарлар жоғарғы сапада ұсынылды,- деді С.Өтеғұлов.

Оның айтуынша, балық және балық өнімдері Атырау қаласы, Исатай және Құрманғазы аудандарынан «Амангелді», «Каспий балық», «Шағала-Атырау», «Алаша-Атырау», «Сев Каспий Фиш» балық аулау және өңдеу кәсіпорындарынан жеткізілген. Ал сүт және сүт өнімдерін Жылыой, Индер және Махамбет аудандарынан «Ащысай» ШҚ, «Дархан-Дала» ШҚ, «Қуанышбек» ШҚ, «Нұрлыбек» ШҚ, БҚ «Первомайский» ЖШС өндірген.

Сондай-ақ Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудандарынан сиыр, жылқы, түйе және қой еттерімен қатар шұжық өнімдерін 20-дан астам шаруа қожалығы ұсынылса, бақша өнімдері «Индер-Агро» ШҚ, «Дибдиева» ШҚ, «КазАгроНова» ШҚ, «Дастан» шаруа қожалықтарынан жеткізілген.

Сонымен қатар, жәрмеңкеге келген тұрғындар мен қонақтар үшін атыраулық өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT