Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес, Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін заңнамада белгіленген тәртіппен есепке қоюға міндеттеледі.
Есепке қойылмаған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 2 тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК көлеміндегі айыппұл салынып, автокөліктер арнайы автотұраққа қойылып, көлікті жүргізуге тыйым салынатынын аудан тұрғындарына ескертеміз.
Көлікті тіркеу үшін әр азамат қайда тұратынына қарамастан кез келген өзіне жақын орналасқан арнайы ХҚКО-ға барып көлігін тіркеуге қоя алады. Оған өзі тіркелген өңірдің мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі (МТНБ) беріледі. Армениядан әкелінген көлік құралдары үшін берілетін МТНБ фоны сары түсті.
Көлікті тіркеу кезінде жалпы сомасы 11 946 теңгені құрайтын үш төлем жасау қажет. Яғни, тіркеу жарнасы – 695 теңге; техникалық төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 3 473 теңге; мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 778 теңге төленеді.
Көлікті есепке қою үшін жеке куәлік, 0,25 АЕК көлемінде мемлекеттік тіркеу жарнасын және Салық кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртектер, Армения республикасы уәкілетті органы берген көлік құралын тіркеу куәлігі және мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі қажет.
Сондай-ақ, тіркелген көлік иелеріне бір қатар міндеттер жүктеледі. Ол жыл сайын техникалық байқаудан өтуі керек. Уақытында салық пен айыппұлдарды төлеп, ең бастысы жол қозғалысы ережесін бұзбауы тиіс. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын барлық автоматтандырылған ақпараттық жүйелер, атап айтқанда "ЖҚҚ ААЖ", "Сергек" камералары интеграцияланған және Армениядан әкелінген автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін айырып тани алады. Бұдан бөлек, есепке қою кезінде аталған көлік құралдарының Интерпол желісі бойынша қылмыстық шығу тегі тексеріледі.
Call орталық: 98-10-55, 8-775-056-94-68.
А.Мулхайдаров,
Мақат АПБ-і ЖПҚб-і Патрульдік полиция тобының
аға қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты
Сурет: ашық дереккөз