Өскелең ұрпақты табиғат анамызды аялауға бүгіннен баулу -кезек күттірмейтін іс. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейтуге негізделген шараның бірі М.Баймұханов атындағы орта мектеп ұжымында жалғасты.
Аталмыш білім ордасында "EcoSana" жобасы аясында "Әр жанұядан бір тал егу" акциясы ұйымдастырылып, ата-аналар өз ағаштарын отырғызды.
Білім ордасының жан-жағы жасыл желекке айналар күн алыс емес. Тек, акция аясында белсенділік танытып, артынша ұмыт қалдырмасақ, болғаны.
А.САДЫКОВ