2025 жылғы 20 мамырда «Парктер шеруі – 2025» және «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға табиғатты қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау тақырыптарында экологиялық дәріс оқылды. Мамандар қатысушыларға Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңыздылығы мен экожүйелерді сақтау жолдары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Дәріс соңында оқушылар экологиялық фотокөрмені тамашалап, арнайы әзірленген ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілді.
Аталған шараның мақсаты — жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру болып табылады.