Алғыс айту күні қарсаңында қоғам қауіпсіздігіне үлес қосқан ардагерлер мен белсенділер марапатталды

(0 Votes)

 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдіғани Сейдуалиев Атырау қаласындағы тәртіп сақшыларының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін қолдап жүрген белсенді ақсақалдар кеңесінің өкілдерін,белсенді азаматтар мен ПИК басшыларын ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтың Алғыс хатымен марапаттады.

 Бұл шара ел бірлігі мен қоғамдағы ынтымақты нығайту, аға буын өкілдеріне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Абдіғани Сейдуалиев жиынға қатысушыларға жас ұрпаққа өнеге болып, тәрбие берудегі еңбектері үшін алғыс білдіріп, олардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атап өтті. Құрметті меймандар қоғам тыныштығы мен тәртібін сақтау жолында тәртіп сақшыларының еңбегіне сәттілік тіледі.

- Бүгін біз сіздерге алғыс айтып, құрмет көрсетуді өзіміздің парызымыз деп білеміз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті сақтау жолында біз әрдайым сіздердің баталарыңыз бен қолдауларыңызды сезінеміз. Ішкі істер органдарының дамуына қосқан үлестеріңіз бен жастарды тәрбиелеудегі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық тілеймін, - деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдіғани Сейдуалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT