АХАТ бөлімінің басты қызметі қандай?

(0 Votes)

 Азаматтық хал актілері – міндетті түрде тіркелуге жататын адам өміріндегі негізгі оқиғалар болып саналатын, хал актілердің жағдайын ( туылу, некеге тұру, некені бұзу, ұл(қыз)асырап алу, аты-жөнін өзгерту,қайтыс болу, әкелікті тану), яғни адамды жеке түрде танытуға себепші болатын оның құқы мен міндеттерінің пайда болуы мен тоқтатылуына байланысты жағдайларды заңды түрде рәсімдеу болып табылады. Бүгін мен оқырмандарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Атырау қалалық АХАТ бөлімімен көрсетілетін азаматтық хал актілерін тіркеу бағыты бойынша ақпарат ұсынамын.

 Азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

Филиалдың АХАТ бағыты, Қазақстан Республикасының 26.12.2011 жылғы №518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру туралы» Қағидасын (қысқаша-Қағида) басшылыққа алып қызмет атқарады.

Филиалмен АХАТ бағыты бойынша 8 (сегіз) түрлі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, атап айтқанда:

1. тууды мемлекеттік тіркеу

2. неке қиюды мемлекеттік тіркеу

3. неке бұзуды мемлекеттік тіркеу

4. қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

5. азаматтық хал акті жазбаларын қалпына келтіру

6. азаматтық хал акті жазбаларын жою

7. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер, анықтамалар беру

8. Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)

Неке (ерлі-зайыптылық) – бір-біріне және балаларға қатысты құқықтары мен міндеттеріне негізделген ерлер мен әйелдердің отбасылық одағы.

Отбасы – бұл ерлер мен әйелдердің некеге негізделген, балалар тәрбиесін жүзеге асыратын шағын әлеуметтік топ. Отбасы-бұл бақыт,махаббат және сәттілік.

Адам және туыстық байланыстарға негізделген отбасы қазіргі адам қоғамының ең тұрақты, сенімді бірлігі болып табылады.

Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу (соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды қоспағанда) тіркеуші органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімдерде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Құралай Хайрошева, Атырау қалалық АХАТ бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT