АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЕСЕБІН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ТЫҢДАДЫ

(0 Votes)

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың  «2019 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы»  жылдық есеп беру жиынын аудан тұрғындары бейне конференция байланысы арқылы тамашалады.

Аймақ басшысының атқарған жұмысын тыңдауға жасалған бұл мүмкіндікті тұрғындар құба-құп көрді. Өйткені мұндай тікелей байланыс облыс бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Жиынға аудан активі, бөлім басшылары, белсенді жастар және тұрғындардан құралған жалпы жүзге жуық адам қатысты. Бірнеше сағатқа созылған жиынды аудан тұрғындары тапжылмай тыңдады.

oblys-3

Аймақ басшысы Махамбет Жолдасқалиұлы өткен жылы атқарылған жұмыстарды тізбектей келе, келер жылы атқарылатын жоспарларға тоқталды. Кейін жиын ашық микрофон форматына ауысып, тұрғындар өз өтініш-сұрақтарын жаудырды.

Сұрақ қоюшылар арасынан аудан тұрғындары да табылды. Олар тұрғын үй, жанар-жағармай бекеті, Ескене елді-мекенін көшіру, аудан аумағына газ өңдеу зауытының салынуы, жайылымдық жерлердегі су тапшылығы турасындағы мәселелерді қозғады. Облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов және аудан әкімі Шәкір Кейкин тұрғындардың сауалы бойынша жұмыстанатынын жеткізіп, барлық мәселелер заң шеңберінде шешілетінін айтты.

oblys-1

Ал, жиналысқа қатысушылар тарапынан байланыс арқылы сұрақ қоюшылар болмады.   

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521