АЭС - индустриялық тұрақты экономикалық дамудың кепілі

АЭС - индустриялық тұрақты экономикалық дамудың кепілі
(0 Votes)

 ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысының Күршім және Самар аудандарының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Онда АЭС құрылысының қажеттігі мен экономикалық тиімділігі, атом станциясының қауіпсіздігі, сондай-ақ осы салаға кадр даярлау мәселелерін талқылады.

Сенатор Ольга Булавкина Қазақстанда атом энергетикасын дамыту көміртегінен тыс энергия генерациясына көшу жағдайында еліміздің индустриялық экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сенаторлар одан әрі Шемонаиха қаласының активімен кездесті және «Қазминералс компаниялар тобы» кешенінің Артемьев кенішінде болды. Кездесуге қатысушылар алдағы АЭС құрылысы туралы референдумның маңыздылығын түсіндірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT