АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ: ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН «ЖАЛҒАН» ҚҰЖАТТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

(0 Votes)

Әлеуметтік желілерде «Әскери билет пен жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген хабарламалар таралуда. Қызмет тегін емес. Хабарламаны көрген  «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілдері тұрғындарды алаяқтықтың құрығына түсіп, сан соғып қалмауға шақырады.

Өзін біресе Ресейлік, біресе астаналықпын деп таныстырған Заур есімді азамат Отан алдындағы борышын өтемей-ақ әскери билетке ие болудың оңай  жолын ұсынған. Ал, телеграм желісінде оның қызметін пайдаланған азаматтар  жағымды пікір қалдырып, Заурға алғысын білдіргендер қатары көп.

Бұл алаяқтықты «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсе мамандары мониторинг нәтижесінде анықтаған. Мамандар тұрғындарды алаяқтың арбауына түспей қалмауға шақырады. Жалған құжат алып берудің тәсілі де оңай екен.  Ватцап әлеуметтік желісі арқылы хабарласқан жобалық кеңсе қызметкерлеріне жауап берген белгісіз Заур есімді азамат  жүргізуші куәлігін категорияға байланысты 60 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін жасап бере алатындығын  жазған.  Ал, әскери ақ билетті алу үшін  100 000 теңге төлеу қажет екен. Алаяқтың жалған құжат алып берудегі тәсілі қарапайым  екен. Алдын ала 50% көлемінде төлем төлеу қажет. Құжат дайын болғанда қалған бөлігін аударады екен. Яғни заңсыз қызмет алушы  ақшасын төлесе болғаны қажетті  құжат үйден шықпай-ақ жеткізіледі.

Атырау облысы бойынша мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету   орталығының басшысы Едіге Амангелдіұлы  бұл ақпараттың жалған екендігінің және заңсыз жолмен заңсыз құжатты жасау мүмкін емес дейді.

Қазір бұл істі құзырлы органдар бақылауына алды. Жалған құжат жасауды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың кімдер екендігі анықталып жатыр.

Атырау-Адалдық алаңы жобалык кеңсесі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT