Адалдық алаңы - қоғамда ашықтықты көздейді

(0 Votes)

Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ашықтық, айқындылық және қоғамға есеп беру қағидаларына негізделіп, жемқорлықты мүлдем қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отыр.

«Адалдық алаңы» жалпы республикалық жобасы аталған қағидаларды жүзеге асырудың және парасаттылықты толыққанды дамытудың қозғаушы күшіне айналды. Өңірімізде жүзеге асырылып жатырған «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі еліміз бойынша мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде бірқатар нәтижелерге қолжеткізді.

          Осы ретте, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Атырау қалалық мәслихат депутаты, «4 билік» Атырау журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Адиева Альфия Дәулетқалиқызымен сұхбаттасуды жөн көрдік.

a_adieba

          Сұрақ: Жобалық кеңсенің мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтсеңіз?

          Жауап А.Адиева: Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жүргізіп, жемқорлықпен күрестің алдын-алу бағытында ішкі талдаулар жасауда, олардың нәтижесі туралы бұқаралық баспасөз беттерінде, телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы қоғам мүшелері ақпараттандырылып келеді.

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында облысымызда «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, өз жұмысын жүргізуде. Жобалық кеңсе мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуы, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігі қағидаттарын қамтамасыз ету бағытында тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеді.

          Сұрақ: Қазіргі таңда облысымызда қоғамдық ұйымдар тарапынан мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығына тәуелсіз азаматтық бақылау қалай жүргізілуде?

          Жауап А.Адиева: Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәтижелі күресінің алғышарттарының бірі – бұл бағыттағы қоғамдық ұйымдардың қызметіне бастама жасау, өйткені қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін емес.

Атап айтсақ, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында ресурстық, консалтинг орталық жұмыстарын ұйымдастыруға, кездесулер, тренинг, семинар жұмыстарын жүргізу бағыттары бойынша түрлі біліктілік арттыру курстарынан өткен болатын.

          Атырау облыстық және қалалық, аудандық әкімдіктердің қаулыларына сәйкес облыс, қала, аудан әкімі жанындағы тұрғын үй, жер беру жөніндегі комиссиялардың құрамында үкіметтік емес ұйым өкілдері бар.

          Әрине, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы - азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін өте қысқа мерзім. Қазіргі таңда қоғамдық бақылауды күшейтуге әрекет жасалуда, үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастырылуда, қоғаммен және оның институттарымен өзара іс-қимылдың тиімді нысандары енгізілуде. Қоғамдық ұйымдар мемлекет қызметіне тәуелсіз азаматтық бақылауды жүзеге асыруда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде.

          Сұрақ: Аудандарда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы қалай жүргізілуде?

          Жауап А.Адиева: 2020 жылы 7 ауданда жобалық кеңселер ашылып, ауданда жоба  өкілдері жұмысқа қабылданды, олардың әр қайсысы бүгінде  аудан әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жөнінде штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің ұсынысымен облыс, қала және 7 аудан әкімдіктерінде «Сервистік әкімдік» фронт-офистері ашылды. Қоғамда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, «Әкімдер апталығы» ұйымдастырылып, 7 аудан әкімімен «Атырау – адалдық алаңында» онлайн сұхбат жүргізілді. Аудан әкімдеріне әлеуметтік желілерде талқылауға түскен немесе мардымды жауап берілмеген мәселелер қозғалды.

          Сұрақ: Өткен жылы жобалық кеңсе қызметін ақпараттандыру мақсатында қандай насихаттық жұмыстар өткізілді?

          Жауап А.Адиева: «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қалада 15, ауданда 10 мектепте «Парасатты мектеп» жобасын жүзеге асырып, жастарды парасатталыққа тәрбиелеу мақсатында бірақатар шаралар жүзеге асырылды. Жоспарға сәйкес, әр «Парасатты мектеп» кемінде айына 2 шарадан өткізіп,  мамыр айында 282 балаға 18 рет онлайн сабақ, 2 рет студенттермен пікірталас ұйымдастырылды.

          Атырау қаласында 4 мемлекеттік органда және 7 ауданда «Таза қол» акциясы өткізілді. Сонымен қатар, «Жол берде, өміріңді құтқар» акциялары екі мәрте өткізіліп, жедел жәрдем қызметі көліктеріне жол бермеген 18 жүргізушіге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кеңсе өкілдерімен қоғамда парасаттылықты және  мемлекеттік қызметтің ашықтығын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық қауіпі мен пара ұсынушыларға қолданылатын заңдарын насихаттау мақсатында 34 рет үгіт насихат жұмыстары (оның 22 онлайн) жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында қала және аудан халқы арасында 15 шығармашылық, интеллектуалдық байқау өткізіліп, байқау жеңімпаздары диплом, алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Халықты ақпараттандыру мақсатында 2020 жылдың тамыз, қыркүйек, қазан, қараша айларында Атырау қаласының орталық көшелеріне сыбайлас жемқорлықпен күресті насихаттауға бағытталған 4 әлеуметтік баннер орналастырылды. Атырау қаласының орталығындағы 6 лэд экранда 7 әлеуметтік видеоролик орналастырылып, 1530 рет көрсетілді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, 18 әлеуметтік нысанға қоғамдық бақылау жүргізіп, анықталған кемшіліктер 4 әлеуметтік нысанда қалпына келтірілді.

«Заңгерлік көмек» акциясы аясында 32 адамға тегін заңгерлік көмек көрсетілді.  Өңірдегі мәдениет және денсаулық саласы қызметкерлерімен, жастармен, облыстық әділет департаменті, адвокаттар алқасы, заңгерлер ассоциясымен ынтымақтастық жөнінде 6 меморандум жасақталды.

          Сұрақ: Өткен жылы жобалық кеңсеге мемлекеттік органдар қызметіне шағымданған қанша азаматтың өтініші қанағаттандырылды?

Жауап А.Адиева: 2019 жылдың қаңтар айынан жүзеге асырыла бастаған аталмыш әлеуметтік жобаның маңыздылығы бүгінде орасан зор. Екі жылда жобалық кеңсеге мемлекеттік қызметтің қолжетімсіз тұстарын айтып арызданған немесе құқықтық көмек сұрай келген 174  атыраулық тұрғынның уәжі назарсыз қалдырылмады. 

Сонымен қоса, өңірімізде биылғы жылы құрылысы аяқталып қолданысқа берілсе де жаңа үйлердің жыры таусылған емес. Нұрсая ы/а 113 тұрғын үйдегі тұрғындардың шағымы бойынша зерделеу мақсатында, наурыз айында қолданысқа берілген тұрғын үйдің сапасы сын көтермейтіндігі анықталып, мердігер мекемемен зерделеу жұмыстары жүргізіліп олқылықтар 20 күннің ішінде түгелдей жаңартылды.

Жылыой ауданындағы іс-сапар барысында, қала әкімдігінен мардымды жауап ала алмаған ата-ана жобалық кеңсенің қабылдауында болып, биыл мектеп бітіріп жатырған баласына әкімдік тарапынан жеңілдік қарастыруын сұрады. Аталған мәселені, жобалық кеңсе мамандары аудан әкімдігіне жолдап, әкімдік тарапынан таудай талабы бар жасқа «Әкім гранты» қарастырылды.

Жобалық кеңсе қызметінің тағы бір бағыты жолаушылар тасымалы қызметінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Бұл бағытта өткен жылы наурыз айында БАҚ өкілдерімен бірлескен мониторинг жүргізу нәтижесінде қала аумағына кіретін елді мекендерге қатынайтын №65 маршуртқа қосымша 4 автобус қостырылды.

          Сұрақ: Жобалық кеңсемен «Терможаңғырту бағдарламасы» шеңберінде жүргізілген қоғамдық бақылау нәтижесі қандай?

          Жауап А.Адиева: Қоғамдық бақылау барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашалығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламалары аясында Атырау қаласында күрделі жөндеуден өтіп жатырған көпқабатты тұрғын үйлердің сапасын бақылау барысында терможаңғырту жүйесінде ашықтық пен қолжетімділіктің жоқ екендігі белгілі болды. Біріншіден, тұрғын үйлерді күрделі жөңдеу жұмыстарын жүргізетін құрылыс компаниясының таңдалуында ашықтық жоқ. Мониторинг кезінде, терможаңғыртуды өткізуге құрылыс компанияларды шақыру жөнінде хабарламаларды ешжерден табылмады.  Және оларды таңдау критерийлері бар болғанымен, комиссия отырысының қалай, кімдермен өткізілгендігі жөнінде ешқандай ашық ақпарат жоқ. Осыған орай, жобалық кеңсе «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-іне терможаңғыртуды  өткізу жөнінде хабарламаны БАҚ, әлеуметтік желілерде ашық жариялауды, құрылыс компанияларын таңдау мақсатында өткізілетін комиссия отырысына және күрделі жөңдеу жұмысын қабылдауға қоғам белсенділерін бақылаушы ретінде қатыстыруды, жалпы терможаңғырту саласын электрондық жүйеге көшіру ұсынылған болатын. Мобилді топ аталған тұрғын үйлердегі күрделі жөндеу жұмыстарын бақылауға алып, құрылыс барысындағы кемшіліктердің алдын-алу мақсатында жөндеу жұмыстарын аяқталған уақытқа дейін қадағалайтын болады. Биылғы жылы пандемияға байланысты терможаңғыртудан 4 бес қабатты тұрғын үй өткізілді. «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсе белсенділерінің ұсынысымен бақылаушы топ құрылып, 2 аптада бір рет 4 тұрғын үйдің жұмысына қоғамдық бақылау жүргізілді.

          Жобалық кеңсемен Атырау облысындағы терможаңғырту жұмыстарын жоспарлау мен жүргізудегі ашықтықты арттыру мақсатында Атырау облысы әкімдігіне аталған бағыттағы жұмыстарды арнайы сайт жасақтап, цифрландыру жөнінде ұсыныс берілді. Бұл жұмыстарды цифрландыру терможаңғырту бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың тұрғындарға қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Яғни, сайтта құрылыс компаниялары үшін терможаңғырту жұмыстарын жүргізуге шақыру хабарламалары, тұрғындар үшін құрылыс компанияларын таңдау критерийлері, құрылыс компаниялары туралы ақпараттар, компаниялармен жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының фотоесептері, комиссия құрамы мен хаттамалары ашық әрі толыққанды орналастырылуы қажет. Сонымен қатар, сайтта тұрғындардың жөндеу жүргізетін компанияларды өздері таңдау мүмкіндіктері ескерілуі тиіс.

          Сұрақ: Жобалық кеңсемен әлеуметтік салада қандай жұмыстар атқарылды?

          Жауап А.Адиева: Білім беру саласы бойынша, өткен жылдың мамыр айында 2017-2019 жылдары облыс әкімдігі жанынан бөлінген оқу гранттарына және мемлекеттік тапсырыс арқылы бөлінетін оқу стипендияларына мониторинг жүргізіліп, облыс әкімінің білім беру гранттарын бөлу кезінде өткізілетін комиссия отырысының ашықтығы қамтамасыз етілді. Әр комиссия отырысы жобалық кеңсемен әлеуметтік желіде ақпараттандырылып отырды.  Комиссия отырысы барысында грантқа үміткер 1 талапкердің құқығы Атырау адалдық алаңымен қорғалды.

          Денсаулық сақтау саласы бойынша, жобалық кеңсемен Атырау облысының  медицина саласына,  Атырау қаласындағы 14 емхана, 12 дәрігерлік амбулатория және 10 аурухана жұмысына сыртқы қоғамдық бақылау жүргізілді. Бақылау нәтижесінде емдеу-сауықтыру мекемелерінде анықталған кемшіліктер жойылды. Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті пандустар техникалық стандартқа сәйкестелді, көмекке шақыру қоңырау тетіктері іске қосылды. Денсаулық сақтау мекемелерінде міндетті тегін медициналық қызметтер мен ақылы медициналық қызметтер туралы ақпараттық бетшелер жасақталды. Жобалық кеңсе дәріханаларда дәрі-дәрмектердің жасанды түрде жетіспеушілігін және олардың қымбаттауын болдырмау мақсатында дәрі бағасына мониторинг жүргізуде.

          Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында, көрсетілетін қызметтердің кедергісіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жолаушылар тасымалы саласы мен өмірлік маңызды қызметтерді ұсынатын қоғамдық орындардарға мониторинг жүргізілді. Атырау әуежайында жүрізілген мониторинг нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастырылып, олардың  әуежай қызметін еш кедергісіз алуына жағдай жасалды.

          Қазіргі таңда қолданысқа берілген көпқабатты тұрғын үйлерде электронды шақыру тетігі бар пандустардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға пайдалануға жарамсыздығын ескеріп, аталған пандустармен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес типтік үлгідегі пандустарды қатар орнату мәселесі туындап отыр.

          Сұрақ: Сіздер азық-түлік өнімдері бағаларына бірнеше рет қоғамдық бақылау жүргіздіңіздер, нәтижесі қандай?

          Жауап А.Адиева: Жобалық кеңсеге азық-түлік бағаларының өсімі бойынша көп шағымдар түседі. Біз Атыраудағы сауда нүктелеріндегі бағаларды үнемі бақылап отырамыз. Өкінішке орай, Атырауда азық-түлік бағасы өсіп келеді.

2020-2021 жылдары «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Идеал», «Лидер» супермаркеттерімен және  «Агрофеликс» шаруа қожалығымен келісім шарт жасақтаған. Өткен аптада өткізілген мониторинг әлеуметтік маңыздылығы бар өнімнің 19-ның  10-ы  ғана супермаркет сөрелерінде сатылатындығын көрсетті, оның ішінде жұмыртқа және күнбағыс майы сатылымда мүлдем жоқ. Ал,  29 желтоқсаннан бастап Атырау қаласындағы «Насиха», «Сарайшық», «Көктем» базарларында  облыстық тұрақтандыру қорынан көкөністер сатылуда. Алайда, жергілікті шаруа қожалығы ұсынған картоп  сапасы  өте төмен.

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандарымен сатылымдағы өнімдерге күнделікті зерделеу және ақпараттандыру жұмыстары мүлдем  жүргізілмейді. Ақпараттандыру жұмыстарының жоқтығынан  әлеуметтік маңыздылығы бар өнімдердің қандай түрі, қайда және қандай бағамен сатылатындығынан тұрғындар бейхабар.   .

Өкінішке орай, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қорының өнімдері Атырау облысының  екі-ақ ауданына ғана ұсынылып отыр. Оған себеп, келісім шартқа отырған кәсіпкерлердің өзге 5 ауданда сауда орындарының жоқтығы. Ал, «Агрофеликс» шаруа қожалығының тек қана қалалық тұрғындарды қамту мүмкіндігі бар.

Біздің құзіреттілігіміз қоғамдық бақылау және анықталған кемшіліктер бойынша ұсыным беру, таяуда өңірлік комиссия отырысында облыс әкіміне әлеуметтік тұрақтандыру қоры өнімдерін аудандардағы сауда нүктелеріне шығару жөнінде ұсынылған болатын. Оның шешімін уақыт көрсетеді.

          Сұрақ: Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде қандай кедергілер кездесуде?

          Жауап А.Адиева: Жүргізілген мониторинг барысында кейбір мемлекеттік органдар қызметінде ашықтық пен есептіліктің жоқ екендігі анықталды. Бүгінгі таңда, облыстық құрылыс, ауыл шаруашылығы, ветеринария басқармалары қызметінде ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету маңызды болып отыр. Кейбір мемлекеттік органдар азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етудің орынына, стандартты жауаптармен құтылады.

          Сонымен қатар, жобалық кеңсемен ұйымдастырылатын қоғамдық бақылау жұмыстарына бірінші басшылардың қатыспауы орын алған кемшіліктерді уақытылы шешуге өз кедергісін тигізуде.

          Жобалық кеңсе облысымыздағы бірқатар мемлекеттік органдар басшыларынының халықпен тікелей өзара іс-қимылды және байланысты  орната алу қабілеті, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша дер кезінде шешім қабылдай білуі үшін қоғамдық қабылдаулар, әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасау, тікелей эфирлер өткізіп келеді.        

          Сұрақ: Биылғы жылға жоспарларыңыз қандай?

          Жауап А.Адиева: Жобалық кеңсе алдағы уақытта да білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары салаларында туындауы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында ішкі талдаулар мен қоғамдық бақылаулар жүргізетін болады.

          Сонымен қатар, жобалық кеңсемен биылғы жылы мемлекеттік бағдарламалардың орындалысына мониторинг жұмыстары күшейтілмек. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.

          Қоғамда парасаттылықты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттілікті арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында түрлі қоғамдық-танымдық, мәдени-көпшілік іс-шаралар, ақпараттық-танымдық, насихаттық жұмыстар биылғы жылы да ұйымдастырылады.

          Жергілікті атқарушы органдар қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету, қызмет алушы азаматтарға қолайлы жағдай қалыптастыру және де мемлекеттік қызметшілермен байланыс кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендету бойынша азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныс-пікірлері де ескерілетін болады.

 

«Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT