«Абайлаңыз-балалар!» акциясы өтуде

(0 Votes)


25 сәуір мен 20 мамыр аралығында аудан аумағында «Абайлаңыз-балалар!» атты республикалық акциясы өтуде. Басты мақсаты – жол-көлік жарақаттануының алдын алу және жол-көлік оқиғаларын балалардың қатысуымен болдырмау.


Акция аясында жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірлесе облыстың барлық мектептерінде мектеп оқушыларының жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу мақсатында ата-аналармен, ұстаздармен және оқушылармен арнайы дәріс сабақтарын өткізуде.

Онда балаларға жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жол қозғалысы ережесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Балалар демалыс және мереке күндері көптеген жағдайда бақылаусыз қалып жатады, яғни каникул мезгілінде балалар уақытын көшеде өткізсе, жол жиектерінде ойнайды, жолға жүгіріп шығады, өкінішке орай жол-көлік оқиғаларына қатысушы болып жатады. Сондықтан, ата-аналарды немқұрайлық танытпағаны абзал.
Акция аясында білім беру органдарымен, мектептегі қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарымен бірлесіп, автокөлік құралдары жүргізушілеріне жадынамалар, жол тақырыбына жазылған балалар шығармалары үлестіріліп, «Жүргізуші назарына!» насихат акциясы ұйымдастырылады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT