А.Әмрин: ҚҚС жаңа мөлшерлемесі қайта қаралмайды

А.Әмрин: ҚҚС жаңа мөлшерлемесі қайта қаралмайды
(0 Votes)

Үкімет қосылған құн салығына қатысты жаңа ұсынысын Парламентке бүгін-ертең енгізеді. Осылай деген ұлттық экономика вице-министрі қосымша құн салығының жаңа мөлшерлемесін үкімет не себепті қайта қарамайтынын айтты. Ол бұл норманың қажет екенін құрылыс саласының көлеңкелі экономикаға қосқан үлесімен түсіндіріп отыр. Үкімет қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесін 16% көтеруді жоспарлап отыр. Қазір ол 12%.

Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Қазір тұрғын үй салушылар пәтерді сатқанда қосымша құн салығын төлемейді. Ол құрылыс материалдарын өзгелерден сатып алады. Соның бәрі қосымша құн салығынан босатылған. Сәйкесінше сатылған пәтерге де қосымша құн салығы салынбайды. Оның бәрі көлеңкеде деген сөз. Енді тұрғын үй салушы материал сатып алған тізбегін қосылған құн салығына енгізбесе, айналымына байланысты 16% ҚҚС төлеуі керек болады. Демек жаңа норма көлеңкелі экономиканы біржақты етеді.

Аида Ахметбек

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT