17 ақпан күні облыс әкімі есеп береді

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетовтің "Атырау облысының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған жоспарлары туралы" облыс тұрғындары алдындағы есепті кездесуі 2021 жылғы 17 ақпан күні сағат 10:00-де онлайн режимде өтетінін хабарлаймыз.

Есептік кездесу облыстық "Қазақстан - Атырау", "Caspian News" телеарналары, сондай-ақ, Facebook (Атырау облысының әкімдігі), Instagram (@atyray_akimat) әлеуметтік желісіндегі парақшаларында, облыстық әкімдіктің www.atyrau.gov.kz веб-сайтында тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Тікелей эфир кезінде тұрғындардан ұсыныстар мен сұрақтарды қабылдау үшін "Telegram-bot" (askatyraubot), 87753710250 Whatsapp нөмірі және 8(7122) 276080 байланыс телефоны жұмыс жасайды. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығында, "Дина" сауда орталығында, Атырау облысының әкімдігі ғимараттарында сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер үшін арнайы жәшіктер орнатылған.

Атырау облысы әкімінің аппараты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT