15 жастан асқан балалар пойызда тек бір құжатпен жүре алады

(0 Votes)

 Бұған дейін оларға "келісімді" куәландыру мен "сенімхат" қажет еді, деп жазады Informburo.kz.

Көлік прокуратурасы жоспарлы талдау нәтижелері бойынша инвестициялар және даму министрінің “Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына наразылық келтірді. Бұл туралы бас көлік прокуратурасы хабарлады.

"Осы қағидаларға сәйкес 15 және одан асқан балалар "ҚТЖ" АҚ қызметтерін заңды өкілден нотариалды куәландырылған жазбаша келісім мен сенімхат болса ғана дербес пайдалана алатыны анықталды. Бұл норма Азаматтық кодекске және "Нотариат туралы" заңға сәйкес "келісімді" куәландыру мен "сенімхат" беру екі бөлек нотариаттық әрекет екені ескерілмеген", – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі прокуратураның наразылығын толық көлемде қанағаттандырды және "ҚТЖ "ҰК" АҚ бір ғана құжаттың (нотариалды куәландырылған келісім) болуы бойынша осындай қызметтер көрсету туралы нұсқау берді.

Сонымен бірге уәкілетті орган жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қағидаларға тиісті түзетулер енгізу және жалпы оны жетілдіру жұмыстарын жалғастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT