Токио 2020: атыраулық дзюдошы Зарина Байбатина күміс медаль иеленді

(0 Votes)
Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. Атыраулық дзюдошы Зарина Байбатина +70 келі салмақта Токио Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Зарина алғашқы кездесуінде моңғол спортшысы Нямаа Алтанцецегті ұтса, жартылай финалда италиялық әлем чемпионатының қола жүлдегері Коста Каролинаны тізе бүктірді. Ақтық сында әзірбайжандық Каримова Дурсадафтан ұтылды. Осылайша Зарина төрт жылдықтың басты бәсекесінде жүлде алған үшінші атыраулық спортшы атанып отыр. Бұдан бұрын Ануар Сариев пен Дәулет Теміржан күміс жүлде иеленген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз