Жаңа жұмыс орындары ашылады

(0 Votes)

 «Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Атырау облысында кездесулер өткізді. Атап айтсақ, Мақат ауданының Доссор кентінде мұнай саласының еңбек ардагерлері және қоғам өкілдерімен жүздесті. 

Мұнайшылардың, геологтердің, бұрғылау¬шылардың, инженерлердің, технологтердің, басқа да мамандардың жемісті жұмыс істеуі¬нің нәтижесінде сала отандық экономиканың локомотивіне және Қазақстан халқының әл-ауқатының берік іргетасына айналды. Ардагер¬лердің айтуынша көптеген кәсіпорында, әсіресе өзге елдің капиталы бар компанияларда шетел¬дік және қазақстандық қызметкерлерге жалақы тағайындау кезінде теңдік сақталмайды. Аудан тұрғындары үшін медициналық қызмет пен білім беру сапасын жақсарту, тұрғын үй құры¬лысы, қоршаған ортаны қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері де маңыз¬ды болып отыр.

Партия төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, ауданда 2 мыңға жуық адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін газ өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ партия ірі инвесторлардың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаты бойынша облысты дамытуға қаражат құюын қадағалайды.

«Корпорациялардың үстеме табысы қатардағы қызметкерлерге лайықты еңбекақы төлеуге бағытталуға тиіс. Біз біліктілігі шетелдіктермен бірдей қазақстандық мамандарға олармен тең ең-бекақы төленуіне қол жеткіземіз», деді Е.Қошанов.

Ал Парламент Мәжілісіне үміткер Ербол Салықов, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатқа бірмандатты сайлау аумағынан кандидат Азамат Бисенов және қалалық мәслихатқа үміткер Рафхат Данағұлов «ОралТазаСервис» ЖШС ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жүргіз¬ді. Ербол Салықов партияның сайлауалды бағ¬дарламасында ең алдымен халықтың табысын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету міндеті тұрғанын атап өтті. Ал бұл мақсатты орындаудың тиімді тетігі – шағын және орта бизнесті дамыту.

Облыста қазір 53 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 118 мыңнан астам адам еңбек етеді. Енді бұл көрсеткішті одан әрі арттыру қолға алынады. Партия шағын және орта бизнес арқылы жылына кемінде 500 адамды жұмысқа тартпақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT