Кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселе

(0 Votes)

«Ақ жол» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері Шығыс Қазақстан облысына барды. Партия төрағасының орынбасарлары Дмитрий Васильев пен Берік Дүйсембинов облыс кәсіпкерлерімен өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Кандидаттар бизнес өкілдеріне партия бағдарламасының алты басым бағыты туралы айтып берді.

Бизнесті дамыту, несиенің қымбат мөлшерле¬мелері, оффшорлық есепшоттардағы халық қаражатын Қазақстанға қайтару туралы тармақтар өңір тұрғындарынан қолдау тапты. Жастарды ипотекалық несие мәселесі толғандырды.

Ал кәсіпкерлер шексіз мүмкіндікке ие сот орындаушыларының әрекетіне наразылықтарын айтты. Олар компаниялардың есепшоттарын бұғаттап, табыс тауып, қарыздарынан құтылуына кедергі жасайды. Кәсіпорындарды дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесінде де кереғар жағдай туындап отыр. Халыққа, ауыл шаруашылығына жеңілдіктер қарастырылса, кеніштер мен көлік компаниялары оны 3 есе қымбатқа сатып алуға мәжбүр. Олардың көпшілігі банкроттықтың алдында тұр. «Бұл мәселелердің барлығы бақылауда болады», деп сендірді Дмитрий Васильев.

Партия өз тарапынан кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді шешудің бірқатар жолын ұсынуға дайын. Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен бизнестің басым секторлары үшін 0-6% деңгейінде қосымша құн салығының төмендетілген мөлшерлемелерін енгізуді талап етпек. Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктік несие бойынша базалық сыйақы мөлшерлемесін жылдық 4-5%-дан аспайтын тиімді сыйақы мөлшерлемесіне дейін төмендету мәселесін көтеру қажет. Монополистер тарифтерінің негізділігін – бірінші кезекте энергетика және темір жол көлігі саласында толық көлемде тексеру жүргізу керек.

«Біз ауылдық жерлерде салықтарды жою¬ға ұмтыламыз, адамдардың БЖЗҚ шотын¬дағы қаражатын өздері басқарғанын қалаймыз, медициналық сақтандыру нақты бір адамға байланып, ол кез келген емханада, қажетті уақыт¬та көмек ала алатын болуы керек», деді Берік Дүйсембинов.

Ақжолдықтар жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, сайлаушылардың ұсыныстарын назарға алды. Партияның сайлауалды бағдарла¬масымен таныстырып, сайлауда елдің болашағы үшін белсенділік танытуға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT