Ауаның ластануы алаңдатады

(0 Votes)

«Байтақ» жасылдар партиясының өңірлік штабтары үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Партияның Атырау өңірлік штабының үйлестірушісі Амандық Қанатбайұлы және Мәжіліс депутаттығына кандидат Марал Көшенов Атырау қаласындағы қалдықтарды жинау, тасымалдау және өңдеумен айналысатын кәсіпорын – «West DALA» ЖШС ұжымымен кездесті.

Жүздесу аясында серіктестік қызметкерлеріне алдағы науқанның маңыздылығы мен партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Аймақтағы өткір мәселелер көтеріліп, шешу жолдары пысықталды. Атырау облысы – елімізде экология жағдайы нашар өңірлердің бірі. Көлік санының артуына байланысты ауаның ластану деңгейі де жоғары. Өңірде құрғақшылық мәселесі де жылдан-жылға күрделеніп келеді.

Мәжіліс депутаттығына кандидат Марал Көшенов партияның мақсаттарын түсіндіріп, ұжым тарапынан түс¬кен ұсыныстарды алдағы әрекет ету жоспарына қосты. «West DALA» ЖШС бас директоры Қайрат Салахаденов те Каспий теңізінің тартылу жа¬йында сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар шаһардағы желді күндері болатын шаңға қатысты «Байтақ» партиясының пікірін білді.

Бұған дейін «Байтақ» жасылдар партиясы «Таза өмір» атты бір апталық экологиялық марафонын бастаған болатын. Іс-шараға ауасы ластанған қалалардың тұрғындары, экобелсенділер мен партия жақтастары қатысып жатыр. Акция өнеркәсіптік кәсіпорындардан атмосфералық ауаны ластаушы заттардың шығарылуын азайтуды мақсат етіп отыр. Себебі ірі өнеркәсіптік қалаларда тұратын адамдар денсаулыққа әсер ететін зиянды және улы заттарға толы ауамен тыныс алуға мәжбүр. «Біз жеке сектордың көмір отынынан табиғи газға көшуін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды көздейміз», дейді партия басшылығы.

Партиядан Парламент Мәжіліс депутаттығына тізім бойынша 18 кандидат ұсынылғанын атап өткен жөн. Олардың қатарында әйелдер квотасы бойынша – 4, жастар квотасымен – 1 және мүгедектігі бойынша 1 үміткер бар. Тағы төрт үміткер мажоритарлық жүйе бойынша сайлауға қатысады. Ал жергілікті мәслихаттарға 160 кандидат тіркелген. Естеріңізге салсақ, «Байтақ» жасылдар партиясы 2022 жылдың соңында экологиялық тұрақты қоғам құру, халықтық демократия және экологияға ұқыпты қарау қағидаттарын қолдау мақсатында құрылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT