Әр үйге – сапалы ауыз су

(0 Votes)

 Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылының сайлаушыларымен кездесті. Айта кету керек, партияның сайлауалды бағдарламасында агроөнеркәсіп кешендерін, ауылдық аймақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінген.

«Біз – қалалар мен ауылдардың таза ауасы, сәулетті келбеті үшін күресеміз. Әрбір елді мекен таза ауыз суға қол жеткізуге тиіс. Сумен жабдықтау мәселесі де ұлттық қауіпсіздіктің маңызды мәселесіне айналып отыр», деді Асхат Асылбеков.

ҚХП осы мәселені бақылай алатын су ресурстары министрлігін құру қажет деп санайды. Тіпті шалғай ауылдарға кең жолақты интернет те жүргізу қажет. «Ауылдық аймақтарды дамыту мәселелерін Ұлттық экономика министрлігінен алып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру керек. Сонымен қатар өңірлік агроиндустрия¬лық кластерлерді, агроөнеркәсіп кешендері мен ауылдық аймақтарды дамытудың бірыңғай картасын әзірлеу қажет. Осылайша, мыңға жуық елді мекен іс жүзінде ауқымды құрылыс алаңына айналады. Жаппай құрылыс жүргізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылады», деп есептейді партия басшылығы.

Ал Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Магеррам Магеррамов Павлодар өңіріндегі сайлаушылармен кездесті. Үміткер «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

– Қазақстан Халық партиясы жалдамалы жұмысшылардың, қызметкерлердің әлеуметтік құқығын қорғау жолында күресіп келеді. Біз қуатты орта таптың қалыптасуын қолдай отырып, табиғи шикізатты – мұнай-газ, мұнай-химия, тау-кен металлургиясын өндіру және өңдеу саласы еңбеккерлерін де назардан тыс қалдырмаймыз. Бүгінде ел экономикасындағы Қазақстанның тау-кен металлургия кешені ІЖӨ-нің шамамен 10 пайызын, өнеркәсіптік өндірістің және барлық экспорттың 25 пайы¬зын құрайды. Салада 200 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Қызметкерлердің 90 пайызға жуығы кәсіподаққа мүше. Олардың әлеуметтік-еңбек құқықтары ұжымдық шарттарда және салалық келісімде көрсетілген, – деді М.Магеррамов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521