Жастар пікірталас алаңында бас қосты

(0 Votes)

15 қараша күні Х.Санбаев атындағы орта мектебінде Мақат кентіндегі білім беру ұйымдарының арасында «Тәрбие тағылымы - тәртіп пен талаптан» атты пікірталас турнирі өтті.

Аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған сайысқа белсенді жоғары сынып оқушылары қатысты. Сайыс жастар арасында патриотизмді қалыптастыру, жастардың тіл байлығын дамыту және өз-өздерін тәртіпке сақтауға шақыруды мақсат етті.

4

Пікірталасқа командасы үш адамнан құралған төрт топ қатысып, бақ сынады. Дебатта жақтаушы және даттаушы топтары «Тәрбие – тал бесіктен дейді, алайда ата-ананың бала тәрбиесіне араласуы қаншалықты дұрыс?», «Діннен қаншалықты қауып бар?», «Бала тәртібіне сыбайлас жемқорлықтың қатысы бар ма?» сұрақтары төңірегінде пікір талас туғызды. Турнирге қатысқан жастар замандастарын болашақтың баяндылығы үшін сауаттылыққа, достыққа бастап, олардың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын сезінуге шақырды.

305f6031-7a9d-4ac1-b6ab-55431bc1a795

Пікірсайыс барысында тақырыпқа сай мемлекеттік маңызы бар мәселелер жастардың көзқарасымен талқыланып, оларды шешу бағытында тың идеялар мен механизмдер ұсынылды.

Пікір талас қорытындысында әділқазы мүшелері бас жүлдені Л.Шахатов атындағы орта мектебі оқушыларына берді. I орын Х.Санбаев атындағы орта мектебі, II орын М.Баймұханов атындағы орта мектебі, III орынға Бәйгетөбе мектеп–бөбекжай кешенінің оқушылары лайық болды.

7

Ал, шарада өткір пікір айта білген Жангазина Аяулым, Тасболатова Құралай, Қайыржанова Ақбота, Мақсотова Айкөркем үздік спикер атанды. Шара соңында ұйымдастырушылар барлық белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табыстады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521