Жастар кубогы сарапқа салынды

(0 Votes)

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Доссор мәдениет үйінің сахнасында «Жайдарман» ойыны өтті.

Әзілкештердің аудандық ашық турниріне Доссор кентімен қатар Құлсары және Атырау қаласының командалары қатысты. Атап айтар болсақ, олар: «Шекер» (C. Шарипов мектеп-интернаты), «Дубай» (Б. Қанатбаев мектебі), «Доссор» құрамасы, «Кіші жүз» (Құлсары қаласы), «Гүлнұр Мұқанова» (Құлсары қаласы), «Еркінқала» (Атырау қаласы) мен «Баймұханов 45» құрамасы (Атырау қаласы).

Тек «Сәлемдесу» турынан тұрған ойын қорытындысымен үшініші орынды жергілікті «Дубай» еншілесе, екінші орын жылыойлық «Гүлнұр Мұқанова» командасының жігіттеріне бұйырды. Ал «Жастар кубогын» «Еркінқала» командасы ұтып алды. «Доссор» құрамасының ойыншысы Қанат Сағынғали «Үздік ойыншы» атанды.

А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз