Жастар кешкі уақытын тиімді пайдаланбақ

(0 Votes)

Облыстық "Jastar isi Akademiasy" жобасы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығы "ЖРО өз ауылында қандай болу керек?" тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Х.Санбаев атындағы орта мектебінде өткен тренингке ауданның белсенді 25 жасы қатысты.

Орталықтың басшысы Әсел Қаржауова және мамандары Алтынгүл Есенаманова, Самал Байниязова жастардың ойын кеңсеге жинап тыңдамай, ерекше тренинг өткізуді ойластырыпты.

w

Қызықты шара барысында жастар ойлары мен ұсыныстарын еркін жеткізу үшін барлық жағдай жасалды. Жиналған қатысушылар бірнеше кіші топқа бөлініп, өз ойларынша ЖРО-ның макетін дайындауға тырысты. Жастар өз фантазияларына ерік беріп, шексіз шығармашылықтарымен бөлісті.

whatsapp-image-2019-10-30-at-17_23_59

Олар тек қана ғимараттың және ондағы инфрақұрылымдық мүмкіндіктердің макетін ғана жасап қоймай, орталық ішінде қандай қызметтер, жобалар, үйірмелер болуы керек, кімдер жұмыс жасау керек және қандай уақытта жұмыс жасау керек секілді сұрақтарға ізденді. Жастар өз тарапынан орталықтың жұмыс кестесін 09:00-13:00 және 19:00-22:00 уақытына алмастыруды ұсынды. Өйткені, күндізгі уақытта жұмыста болатын жастар, кешкі уақытын тиімді пайдалана алады дейді.

whatsapp-image-2019-10-30-at-17_24_00

Сондай-ақ, демалыс күндерін жексенбі және дүйсенбі күндеріне ауыстыру туралы пікір айтты. Шара барысында шет елдердегі және еліміздегі әр өңірдің жастар орталықтарының жұмысын бейнебаян арқылы тамашаланды.

whatsapp-image-2019-10-30-at-17_23_55

Қатысушылар барлық ауданның ғимаратымен және ауданда құрылысы жүріп жатырған орталықтың сұлбасымен танысты. Жастар өз тарапынан жаңа орталықта дебат курсы, тренажер залы, кафетерия, психологиялық кабинет, кинотеатр, электронды кітап оқу залы болғанын қалайтындарын жеткізді. Жастар белсенділік танытқан тренингте келелі пікірлері сараланды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT