Құқықтық сауат ашудың маңызын ұғындырды

(0 Votes)

 М.Баймұханов атындағы орта мектепте  «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен және аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметін насихаттау және кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын-алуға бағытталған құқықтық сауат ашу мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының өкілдері,  аудандық сот төрағасы Ғ.Чингизов, аудандық прокуратураның прокуроры М.Бауыржанов, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А.Сәрсенбаева,  аудандық полиция бөлімінің  аға инспекторы К.Серікбаева, «Жас Ұлан» көшбасшылары, тәлімгерлері қатысты.

jas-ulan

Шара барысында  аудандық  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының жетекшісі А.Сүйіңқұлова ауданда жасалып жатқан жұмыстармен таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.

«Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының өкілі А.Қалауов облыстық білім беру басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізіндегі жоспарланған іс-шаралар туралы, «Өркендеу» жобасын іске асыру жағдайын қарастыру туралы мәлім етті.

jas-ulan-2

Құқық қорғау орган мамандары кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде ақпарат беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Сурет автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT