Вице-премьер президент сайлауына бөлінетін қаражат туралы сұраққа жауап берді

(0 Votes)

Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау науқанына 20,5 млрд теңге бөлу мақұлданды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден Орталық сайлау комиссиясының алдағы сайлау науқанын өткізуге қажет 20,5 млрд теңге өтінімі жайлы сұрады.

Өз кезегінде Қаржы министрі бұл сұраққа қысқа жауап берді.

«Иә, мақұлдады», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 8 қыркүйекте Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева Қазақстан президентін кезектен сайлау науқанына шамамен 20 млрд теңге қажет екенін айтқан еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521