АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мемлекет басшысының Қытайға жасаған сапары мәресіне жетті. Осы аралықта Қытай тарапының Қазақстанға деген ерекше құрметін, болашақта жүзеге асатын еларалық жобалардың жай-жапсарын байқадық. Kazinform тілшісі Мемлекет басшысының сапары қалай өткенін, ортақ келісімдер ел экономикасына қанша табыс әкелетінін тарқатып көрді.
Дипломатиялық деңгей
Алдымен сапар басындағы дипломатиялық ишарадан бастайық. Шығыстағы көрші елге аяқ басар тұста Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент мақаласы жарық көрді. «Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation» («Қазақстан мен Қытайдың берік әрі сенімді қарым-қатынасы — табысты ынтымақтастықтың кепілі») атты мақалада қос мемлекеттің саяси-экономикалық бағдары талданған. Әсіресе өткен жылы екіжақты сауда-саттық көлемі 44 миллиард долларға жеткені, 2005 жылдан бері 27 млрд доллар инвестиция түскені айтылған-ды. Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ секілді ұйым саяси байланыстың алдағы даму траекториясын айқындайтынын сөз еткен.
Расында, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі ретінде позициясын күшейтіп келеді. Елімізде қытай капиталының үлесі бар алты мыңға жуық компания жұмыс істейді. Олар технология мен өнеркәсіпті жаңғырту ісінде шешуші рөл атқарып отыр. Қытайтанушы Нәтижан Мұқаметханұлының сөзінше, мұндай үрдіске геосаяси ахуал түрткі болуы ықтимал.
— Қытай Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуға, экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Өйткені соңғы жылдардағы халықаралық қатынастар олардың сыртқы саясатын қайта реттеуге мәжбүрледі. Қытай Қазақстанмен байланысын дамыту арқылы Орталық Азия, Батыс Азия елдерімен байланыстарын нығайта алады. Ал «Белдеу мен жол» жобасы мен ШЫҰ арқылы жаһандық жетекші позициясын күшейтуді көздеп отыр. Осы тұрғыдан қарасақ, ҚХР сыртқы саясатындағы Қазақстанның геосаяси және геоэкономикалық маңызы арта түсуде, — дейді сарапшы.
Бұл пікірдің мысалын Президент сапарының алғашқы күнінен-ақ байқадық. Себебі, Си Цзиньпин ШЫҰ отырысына келген 22 көшбасшының тек үшеуімен жеке кездесу өткізді — Ресей, Үндістан, Қазақстан басшыларымен ғана жүздесіп кешкі ас ішкен. Ресми протоколсыз, емін-еркін форматтағы жақындықты білдіреді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсетілген мұндай ілтипат «ала қойды бөле қырыққандық» емес, керісінше әлемдік аренада Орта державалардың да салмағы барын көрсету әрі Қазақстанның саяси-экономикалық әлеуетіне деген оң баға деп қабылдаған жөн.
Жалпы Мемлекет басшысының Си Цзиньпинмен өткізген ресми келіссөзі кезінде де екеуара жылы шырай сезілді. Маңыздысы, ҚХР Төрағасы Қазақстанның Орталық Азиядағы мызғымас орнын меңзеп, аймақ келешегіне қатысты шешімдерге дәнекер болғанын баса айтты.
— Сіздің төрағалығыңызбен екінші «Қытай — Орталық Азия» саммиті табысты өтті. Біз Қытай мен аймақ елдерінің ынтымақтастық рухына сай келетін және Қытай — Орталық Азия диалогының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжаттар қабылдадық. Сондай-ақ қытай-қазақ қатынастарына тың серпін беретін жаңа стратегиялық уағдаластықтарға қол жеткіздік. Халықаралық ахуал қалай құбылатынына қарамастан, Қытай мен Қазақстан — бір-біріне әрдайым сенім артып, арқа сүйей алатын стратегиялық серіктестер, — деді Си Цзиньпин.
Ауғанстан, су тапшылығы: Саммитте не айтылды?
Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитінде қаржы саласынан бастап халықаралық қауіпсіздікке дейінгі мәселелер көтерілді. Сөз кезегі тиген әрбір президент ортақ кедергілерді талқылып, аймақтағы келеңсіздікті шешудің кілтін ұсынуға тырысқан. Тақырыптың географиялық ауқымы, ықтимал шешімдері сәт сайын кеңейіп отырды. Жиында Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Иран президенті Масуд Пезешкиан пікір білдірді. Орталық Азияның мемлекет басшылары да қалыс қалмай, түрлі бағыттағы талқыға үн қосқанын көрдік.
Алдымен сапар басындағы дипломатиялық ишарадан бастайық. Шығыстағы көрші елге аяқ басар тұста Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент мақаласы жарық көрді. «Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation» («Қазақстан мен Қытайдың берік әрі сенімді қарым-қатынасы — табысты ынтымақтастықтың кепілі») атты мақалада қос мемлекеттің саяси-экономикалық бағдары талданған. Әсіресе өткен жылы екіжақты сауда-саттық көлемі 44 миллиард долларға жеткені, 2005 жылдан бері 27 млрд доллар инвестиция түскені айтылған-ды. Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ секілді ұйым саяси байланыстың алдағы даму траекториясын айқындайтынын сөз еткен. Фото: Ақорда Расында, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі ретінде позициясын күшейтіп келеді. Елімізде қытай капиталының үлесі бар алты мыңға жуық компания жұмыс істейді. Олар технология мен өнеркәсіпті жаңғырту ісінде шешуші рөл атқарып отыр. Қытайтанушы Нәтижан Мұқаметханұлының сөзінше, мұндай үрдіске геосаяси ахуал түрткі болуы ықтимал. — Қытай Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуға, экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Өйткені соңғы жылдардағы халықаралық қатынастар олардың сыртқы саясатын қайта реттеуге мәжбүрледі. Қытай Қазақстанмен байланысын дамыту арқылы Орталық Азия, Батыс Азия елдерімен байланыстарын нығайта алады. Ал «Белдеу мен жол» жобасы мен ШЫҰ арқылы жаһандық жетекші позициясын күшейтуді көздеп отыр. Осы тұрғыдан қарасақ, ҚХР сыртқы саясатындағы Қазақстанның геосаяси және геоэкономикалық маңызы арта түсуде, — дейді сарапшы. Бұл пікірдің мысалын Президент сапарының алғашқы күнінен-ақ байқадық. Себебі, Си Цзиньпин ШЫҰ отырысына келген 22 көшбасшының тек үшеуімен жеке кездесу өткізді — Ресей, Үндістан, Қазақстан басшыларымен ғана жүздесіп кешкі ас ішкен. Ресми протоколсыз, емін-еркін форматтағы жақындықты білдіреді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсетілген мұндай ілтипат «ала қойды бөле қырыққандық» емес, керісінше әлемдік аренада Орта державалардың да салмағы барын көрсету әрі Қазақстанның саяси-экономикалық әлеуетіне деген оң баға деп қабылдаған жөн. Фото: Ақорда Жалпы Мемлекет басшысының Си Цзиньпинмен өткізген ресми келіссөзі кезінде де екеуара жылы шырай сезілді. Маңыздысы, ҚХР Төрағасы Қазақстанның Орталық Азиядағы мызғымас орнын меңзеп, аймақ келешегіне қатысты шешімдерге дәнекер болғанын баса айтты. — Сіздің төрағалығыңызбен екінші «Қытай — Орталық Азия» саммиті табысты өтті. Біз Қытай мен аймақ елдерінің ынтымақтастық рухына сай келетін және Қытай — Орталық Азия диалогының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжаттар қабылдадық. Сондай-ақ қытай-қазақ қатынастарына тың серпін беретін жаңа стратегиялық уағдаластықтарға қол жеткіздік. Халықаралық ахуал қалай құбылатынына қарамастан, Қытай мен Қазақстан — бір-біріне әрдайым сенім артып, арқа сүйей алатын стратегиялық серіктестер, — деді Си Цзиньпин. Ауғанстан, су тапшылығы: Саммитте не айтылды? Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитінде қаржы саласынан бастап халықаралық қауіпсіздікке дейінгі мәселелер көтерілді. Сөз кезегі тиген әрбір президент ортақ кедергілерді талқылып, аймақтағы келеңсіздікті шешудің кілтін ұсынуға тырысқан. Тақырыптың географиялық ауқымы, ықтимал шешімдері сәт сайын кеңейіп отырды. Жиында Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Иран президенті Масуд Пезешкиан пікір білдірді. Орталық Азияның мемлекет басшылары да қалыс қалмай, түрлі бағыттағы талқыға үн қосқанын көрдік. Фото: Ақорда Әлем елдері көшбасшыларының басын қосқан жиынның басты мақсаты — ұйымның онжылдыққа арналған даму стратегиясын бекіту. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бірнеше тезисті тарқату орынды. Өйткені Мемлекет басшысы қолдаған және ұсынған бастамалардың ішінде Қазақстанға тікелей қатысты жобаның саны басым. Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударған. Оның айтуынша, бұл бағыт халықаралық терроризм, діни экстремизм, есірткі тасымалы, заңсыз көші-қон, киберқылмыс және басқа да деструктивті үрдістер дендеп тұрған шақта аса маңызды. Сол үшін еліміз ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталығын ашу жобасына қосылды. Әсіресе, Ауғанстанның легитимді билігін қолдауды тоқтатпау керек. Осы орайда Мемлекет басшысы ШЫҰ елдерінің Ауғанстанды қолдау идеясын құптап, көмекті Алматыда ашылған БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаты жөніндегі өңірлік орталығы арқылы жүзеге асыруды ұсынды. — Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға шақырамын. Сол арқылы аталған мемлекетті қалпына келтіріп, өңірлік және экономикалық процестерге қатыстыра аламыз. Қазақстан Ауғанстанның бірқатар инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларының құрылысына кірісті. Бұл ШЫҰ мемлекеттері арасындағы өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Тамыз айының басында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының қатысуымен Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық ресми түрде ашылды. ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерге барлық басым бағытта белсенді аймақтық байланыс орнату және күш-жігерді үйлестіру үшін аталған Орталықтың әлеуетін бірлесе пайдалануды ұсынамыз, — деді Президент. Трансшекаралық өзендер мен су тапшылығы мәселесі де қараусыз қалмады. Орталық Азияның келешек «бас ауруына» айналған мәселеде Қазақстаның ұстанымы анық естілді. Бастысы, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ШЫҰ-ның Су проблемаларын зерттеу орталығын ашуды ұсынды. Жоба жүзеге асса, өңірдегі су тапшылығы мәселесі айтарлықтай жеңілдеуі мүмкін. — Климат өзгерісі шекара таңдамай, әлемнің көптеген елі мен өңіріне қауіп төндіріп отыр. Нақты қатерлерге, мәселен, шөлейттенуге, құрғақшылыққа, су қоймаларының тартылуына, мұздықтардың еруіне және басқа да экологиялық мәселелерге қарсы күрес стратегиясын бірлесе әзірлеу өзекті. Сондықтан Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз, — деді Мемлекет басшысы. ШЫҰ Даму банкі мен ЖИ иірімі Қазір сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру өзекті болып отыр. Ұйымға мүше кей ел санкциялық қысымға ұшырап, еркін саудадан қағылған тұста бірлесе даму оңай шаруа емесі аңғарылды. Сондықтан ШЫҰ жаңа экономикалық шешімдер қабылдауға көшкен. Олардың қатарында инвестициялық жобаларды қолдау орталығы мен ШЫҰ Даму банкін құру бастамасы бар. Қазақстан аталған идеяға қарсы емес, тіпті бұдан тиімді мүмкіндік көріп отыр. Содан болар, Президент Астана халықаралық қаржы орталығының базасында ШЫҰ офисiн құруды алға тартты. Бұл орталық инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және заң, консалтинг және қаржы компанияларының қызметiн біріктіру үшін қолданылмақ. Бүгінде жоғары технологиялар мен цифрландыру саласы әлеуетті бағытқа айналған. 2033 жылға қарай ЖИ нарығының көлемі 5 триллион долларға жетіп, осы сектордың әлемдік технология индустриясындағы үлесі 30 пайызға дейін ұлғаяды деген болжам бар. Осы мақсатта ШЫҰ жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құруға ниетті. Президент жасанды интеллектіні қарқынды дамытуда ШЫҰ әлемде көш бастай алатынын айтып отыр. Тіпті нақты қадам ретінде ШЫҰ-ның жасанды интеллект бойынша тұрақты сарапшылар форумын өткізуді ұсынды. — Алғашқы кездесуді Астанада Digital Bridge беделді форумы аясында өткізуге дайынбыз. Бұдан бөлек, еліміз 2027 жылы «ШЫҰ-ның экономика қызметіндегі жасанды интеллект» тақырыбында жоғары деңгейдегі конференция ұйымдастыруға ниетті. Ал келесі жылы Ұйым елдері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірге жаңа технологиялық дәуірдегі ақпараттық саясат проблемаларын талқылауға әзірміз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Біздегі жасанды интеллект игілігі қалай көрініс береді, ауқым қалай болмақ? Қазір суперкомпьютерлерді әкелу, маман даярлау сәтті жүріп жатыр. Алайда мұның барлығы инвестиция тартуға жеткіліксіз. Президент қытайлық инвесторларды жеке жобаларға ғана емес, бүтін қаланы — «Alatau City» шаһарын құруға шақырып отыр. Яғни, жаңа қала аймақтағы инновацияны, криптоиндустрия мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытатын қуатты орталық болуға тиіс. Үкімет «Alatau City» біртұтас экожүйе ретінде арнайы мәртебе беруді де қарастырып отыр. Қазірдің өзінде шығыстағы көршіміздің China State Construction Engineering Corporation компаниясы қызығушылық танытқан. «ТрансАлтай диалогі» Орта дәлізді дамыта ма? Қазақстан үшін көлік-транзит саласындағы серіктестікті жетілдіру ауадай қажет. Бұл — мемлекеттің халықаралық логистикалық хаб құру амбициясын берік ұстануының бірден-бір тетігі. Оған қоса Қытай мен Еуропа арасында құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтетінін ескерсек, теміржол желілері мен порттар құрылысы келешек көрсеткішке тікелей әсер етеді. Биыл «Достық — Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылады. Демек, Қазақстан арқылы өтетін «Қытай — Еуропа» транзит дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артпақ. Ал алдағы уақытта Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы 10 миллион тонна жүк өткізу жоспарланған. Бұрын Солтүстік — Оңтүстік және Шығыс — Батыс көлік дәліздері белгілі еді. Кейінгі жылдары «ТрансАлтай диалогы» айтыла бастады. Әзірге белгілісі, «ТрансАлтай диалогы» төрт елдің қатысуымен жүзеге асады. — Аталған жобаға Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елдері қосылып, Еуразиядағы «Алтай» аймағының жер көлемі, халық саны, экономикалық қуаты секілді бірегей әлеуетін тиімді пайдалана алады. Ірі жобалар мен жоспарларды іске асыру үшін мемлекеттер арасындағы көлік байланысын нығайтып, транзиттік-тарифтік стратегияға сай келетін тәсілдерді ойластыруымыз керек. Бұл мәселе Ақтау қаласында қараша айында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының порттары мен логистикалық орталықтары басшыларының алғашқы форумындағы келіссөздер мен пікірталастарға арқау болуы мүмкін, — деді Президент. Сонымен, Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитінде 20 құжатқа қол қойылды. Арасында Тяньцзинь декларациясы, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту жол картасы, Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласын 2025-2026 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешімі бар. 15 млрд доллар инвестиция тартылды «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Тренд Ақорда Тағайындау Астана АЭС Заң және тәртіп Дерекқор Kazinform-105 14:41, 03 Қыркүйек 2025 | GMT +5 $15 млрд инвестиция, бірлескен жобалар және «ТрансАлтай диалогі»: Президенттің Қытайға сапары қалай өтті АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мемлекет басшысының Қытайға жасаған сапары мәресіне жетті. Осы аралықта Қытай тарапының Қазақстанға деген ерекше құрметін, болашақта жүзеге асатын еларалық жобалардың жай-жапсарын байқадық. Kazinform тілшісі Мемлекет басшысының сапары қалай өткенін, ортақ келісімдер ел экономикасына қанша табыс әкелетінін тарқатып көрді. Бөлісу: Коллаж: Kazinform/ akorda.kz Дипломатиялық деңгей Алдымен сапар басындағы дипломатиялық ишарадан бастайық. Шығыстағы көрші елге аяқ басар тұста Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент мақаласы жарық көрді. «Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation» («Қазақстан мен Қытайдың берік әрі сенімді қарым-қатынасы — табысты ынтымақтастықтың кепілі») атты мақалада қос мемлекеттің саяси-экономикалық бағдары талданған. Әсіресе өткен жылы екіжақты сауда-саттық көлемі 44 миллиард долларға жеткені, 2005 жылдан бері 27 млрд доллар инвестиция түскені айтылған-ды. Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ секілді ұйым саяси байланыстың алдағы даму траекториясын айқындайтынын сөз еткен. Фото: Ақорда Расында, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі ретінде позициясын күшейтіп келеді. Елімізде қытай капиталының үлесі бар алты мыңға жуық компания жұмыс істейді. Олар технология мен өнеркәсіпті жаңғырту ісінде шешуші рөл атқарып отыр. Қытайтанушы Нәтижан Мұқаметханұлының сөзінше, мұндай үрдіске геосаяси ахуал түрткі болуы ықтимал. — Қытай Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуға, экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Өйткені соңғы жылдардағы халықаралық қатынастар олардың сыртқы саясатын қайта реттеуге мәжбүрледі. Қытай Қазақстанмен байланысын дамыту арқылы Орталық Азия, Батыс Азия елдерімен байланыстарын нығайта алады. Ал «Белдеу мен жол» жобасы мен ШЫҰ арқылы жаһандық жетекші позициясын күшейтуді көздеп отыр. Осы тұрғыдан қарасақ, ҚХР сыртқы саясатындағы Қазақстанның геосаяси және геоэкономикалық маңызы арта түсуде, — дейді сарапшы. Бұл пікірдің мысалын Президент сапарының алғашқы күнінен-ақ байқадық. Себебі, Си Цзиньпин ШЫҰ отырысына келген 22 көшбасшының тек үшеуімен жеке кездесу өткізді — Ресей, Үндістан, Қазақстан басшыларымен ғана жүздесіп кешкі ас ішкен. Ресми протоколсыз, емін-еркін форматтағы жақындықты білдіреді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсетілген мұндай ілтипат «ала қойды бөле қырыққандық» емес, керісінше әлемдік аренада Орта державалардың да салмағы барын көрсету әрі Қазақстанның саяси-экономикалық әлеуетіне деген оң баға деп қабылдаған жөн. Фото: Ақорда Жалпы Мемлекет басшысының Си Цзиньпинмен өткізген ресми келіссөзі кезінде де екеуара жылы шырай сезілді. Маңыздысы, ҚХР Төрағасы Қазақстанның Орталық Азиядағы мызғымас орнын меңзеп, аймақ келешегіне қатысты шешімдерге дәнекер болғанын баса айтты. — Сіздің төрағалығыңызбен екінші «Қытай — Орталық Азия» саммиті табысты өтті. Біз Қытай мен аймақ елдерінің ынтымақтастық рухына сай келетін және Қытай — Орталық Азия диалогының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжаттар қабылдадық. Сондай-ақ қытай-қазақ қатынастарына тың серпін беретін жаңа стратегиялық уағдаластықтарға қол жеткіздік. Халықаралық ахуал қалай құбылатынына қарамастан, Қытай мен Қазақстан — бір-біріне әрдайым сенім артып, арқа сүйей алатын стратегиялық серіктестер, — деді Си Цзиньпин. Ауғанстан, су тапшылығы: Саммитте не айтылды? Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитінде қаржы саласынан бастап халықаралық қауіпсіздікке дейінгі мәселелер көтерілді. Сөз кезегі тиген әрбір президент ортақ кедергілерді талқылып, аймақтағы келеңсіздікті шешудің кілтін ұсынуға тырысқан. Тақырыптың географиялық ауқымы, ықтимал шешімдері сәт сайын кеңейіп отырды. Жиында Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Иран президенті Масуд Пезешкиан пікір білдірді. Орталық Азияның мемлекет басшылары да қалыс қалмай, түрлі бағыттағы талқыға үн қосқанын көрдік. Фото: Ақорда Әлем елдері көшбасшыларының басын қосқан жиынның басты мақсаты — ұйымның онжылдыққа арналған даму стратегиясын бекіту. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бірнеше тезисті тарқату орынды. Өйткені Мемлекет басшысы қолдаған және ұсынған бастамалардың ішінде Қазақстанға тікелей қатысты жобаның саны басым. Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударған. Оның айтуынша, бұл бағыт халықаралық терроризм, діни экстремизм, есірткі тасымалы, заңсыз көші-қон, киберқылмыс және басқа да деструктивті үрдістер дендеп тұрған шақта аса маңызды. Сол үшін еліміз ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталығын ашу жобасына қосылды. Әсіресе, Ауғанстанның легитимді билігін қолдауды тоқтатпау керек. Осы орайда Мемлекет басшысы ШЫҰ елдерінің Ауғанстанды қолдау идеясын құптап, көмекті Алматыда ашылған БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаты жөніндегі өңірлік орталығы арқылы жүзеге асыруды ұсынды. — Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға шақырамын. Сол арқылы аталған мемлекетті қалпына келтіріп, өңірлік және экономикалық процестерге қатыстыра аламыз. Қазақстан Ауғанстанның бірқатар инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларының құрылысына кірісті. Бұл ШЫҰ мемлекеттері арасындағы өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Тамыз айының басында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының қатысуымен Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық ресми түрде ашылды. ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерге барлық басым бағытта белсенді аймақтық байланыс орнату және күш-жігерді үйлестіру үшін аталған Орталықтың әлеуетін бірлесе пайдалануды ұсынамыз, — деді Президент. Трансшекаралық өзендер мен су тапшылығы мәселесі де қараусыз қалмады. Орталық Азияның келешек «бас ауруына» айналған мәселеде Қазақстаның ұстанымы анық естілді. Бастысы, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ШЫҰ-ның Су проблемаларын зерттеу орталығын ашуды ұсынды. Жоба жүзеге асса, өңірдегі су тапшылығы мәселесі айтарлықтай жеңілдеуі мүмкін. — Климат өзгерісі шекара таңдамай, әлемнің көптеген елі мен өңіріне қауіп төндіріп отыр. Нақты қатерлерге, мәселен, шөлейттенуге, құрғақшылыққа, су қоймаларының тартылуына, мұздықтардың еруіне және басқа да экологиялық мәселелерге қарсы күрес стратегиясын бірлесе әзірлеу өзекті. Сондықтан Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз, — деді Мемлекет басшысы. ШЫҰ Даму банкі мен ЖИ иірімі Қазір сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру өзекті болып отыр. Ұйымға мүше кей ел санкциялық қысымға ұшырап, еркін саудадан қағылған тұста бірлесе даму оңай шаруа емесі аңғарылды. Сондықтан ШЫҰ жаңа экономикалық шешімдер қабылдауға көшкен. Олардың қатарында инвестициялық жобаларды қолдау орталығы мен ШЫҰ Даму банкін құру бастамасы бар. Қазақстан аталған идеяға қарсы емес, тіпті бұдан тиімді мүмкіндік көріп отыр. Содан болар, Президент Астана халықаралық қаржы орталығының базасында ШЫҰ офисiн құруды алға тартты. Бұл орталық инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және заң, консалтинг және қаржы компанияларының қызметiн біріктіру үшін қолданылмақ. Фото: Ақорда Бүгінде жоғары технологиялар мен цифрландыру саласы әлеуетті бағытқа айналған. 2033 жылға қарай ЖИ нарығының көлемі 5 триллион долларға жетіп, осы сектордың әлемдік технология индустриясындағы үлесі 30 пайызға дейін ұлғаяды деген болжам бар. Осы мақсатта ШЫҰ жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құруға ниетті. Президент жасанды интеллектіні қарқынды дамытуда ШЫҰ әлемде көш бастай алатынын айтып отыр. Тіпті нақты қадам ретінде ШЫҰ-ның жасанды интеллект бойынша тұрақты сарапшылар форумын өткізуді ұсынды. — Алғашқы кездесуді Астанада Digital Bridge беделді форумы аясында өткізуге дайынбыз. Бұдан бөлек, еліміз 2027 жылы «ШЫҰ-ның экономика қызметіндегі жасанды интеллект» тақырыбында жоғары деңгейдегі конференция ұйымдастыруға ниетті. Ал келесі жылы Ұйым елдері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірге жаңа технологиялық дәуірдегі ақпараттық саясат проблемаларын талқылауға әзірміз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Біздегі жасанды интеллект игілігі қалай көрініс береді, ауқым қалай болмақ? Қазір суперкомпьютерлерді әкелу, маман даярлау сәтті жүріп жатыр. Алайда мұның барлығы инвестиция тартуға жеткіліксіз. Президент қытайлық инвесторларды жеке жобаларға ғана емес, бүтін қаланы — «Alatau City» шаһарын құруға шақырып отыр. Яғни, жаңа қала аймақтағы инновацияны, криптоиндустрия мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытатын қуатты орталық болуға тиіс. Үкімет «Alatau City» біртұтас экожүйе ретінде арнайы мәртебе беруді де қарастырып отыр. Қазірдің өзінде шығыстағы көршіміздің China State Construction Engineering Corporation компаниясы қызығушылық танытқан. «ТрансАлтай диалогі» Орта дәлізді дамыта ма? Қазақстан үшін көлік-транзит саласындағы серіктестікті жетілдіру ауадай қажет. Бұл — мемлекеттің халықаралық логистикалық хаб құру амбициясын берік ұстануының бірден-бір тетігі. Оған қоса Қытай мен Еуропа арасында құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтетінін ескерсек, теміржол желілері мен порттар құрылысы келешек көрсеткішке тікелей әсер етеді. Биыл «Достық — Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылады. Демек, Қазақстан арқылы өтетін «Қытай — Еуропа» транзит дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артпақ. Ал алдағы уақытта Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы 10 миллион тонна жүк өткізу жоспарланған. Бұрын Солтүстік — Оңтүстік және Шығыс — Батыс көлік дәліздері белгілі еді. Кейінгі жылдары «ТрансАлтай диалогы» айтыла бастады. Әзірге белгілісі, «ТрансАлтай диалогы» төрт елдің қатысуымен жүзеге асады. Фото: Ақорда — Аталған жобаға Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елдері қосылып, Еуразиядағы «Алтай» аймағының жер көлемі, халық саны, экономикалық қуаты секілді бірегей әлеуетін тиімді пайдалана алады. Ірі жобалар мен жоспарларды іске асыру үшін мемлекеттер арасындағы көлік байланысын нығайтып, транзиттік-тарифтік стратегияға сай келетін тәсілдерді ойластыруымыз керек. Бұл мәселе Ақтау қаласында қараша айында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының порттары мен логистикалық орталықтары басшыларының алғашқы форумындағы келіссөздер мен пікірталастарға арқау болуы мүмкін, — деді Президент. Сонымен, Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитінде 20 құжатқа қол қойылды. Арасында Тяньцзинь декларациясы, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту жол картасы, Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласын 2025-2026 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешімі бар. 15 млрд доллар инвестиция тартылды Мемлекет басшысының ҚХР-ға сапары аясында Бейжіңде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Жиынның ел экономикасы үшін алатын орны ерек. Себебі шараға екі елдің бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысқан. Мұнда энергетикалық ынтымақтастық, логистикалық және өндірістік тізбектерді кеңейтуге арналған жобалардың жүзеге асқанын көрдік. Жалпы, отандық нарыққа Қытай инвесторларының келу үрдісі бұрыннан бар. Бұған дейін CNPC, CITIC, SINOPEC, HUAWEI, SANY секілді әлемдік деңгейдегі алпауыт корпорациялар жұмыс бастаған болатын. Алдағы уақытта Атырау облысына — Sinopec компаниясы, Шымкент қаласына — CNPC компаниясы, Маңғыстау облысына — China Huadian Corporation компаниясы келмек. Президенттің ендігі бағдары жаңартылатын энергетикаға ойысқан. Ол үшін қытайлық компанияларға сенім артып отыр. Оның бір дәлелі, Мемлекет басшысы Қытайдағы сапары аясында Жамбыл облысындағы жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауытты іске қосты. Аталған жобаны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Қытайдың SANY Renewable Energy компаниясы жүзеге асырған. Алдағы уақытта China Power International Holding және China Energy секілді жетекші компаниялар да салаға инвестиция салуға ниетті. Қытайтанушы Нәтижан Мұқаметханұлының пікірінше, келешекте инвестиция көлемі әлі де артады. Оған бірнеше себеп бар. — Екі ел арасында визасыз барып-келу режимі қолданысқа енді, туристік индустрия жанданып, қытайлық мәдениеттің ықпалы тереңдеді. Содан бері Қытайдың Қазақстан экономикасына, қаржы нарығына, жаңа технология саласына деген қызығушылығы тереңдей түсуде. Алдағы жылдары Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі энергетикалық және энергетикалық емес саладағы ынтымақтастық дамитыны сөзсіз. Жаңа технология саласында, жасанды интеллект индустриясы, цифрлық экономика серпін болады, — дейді спикер. Шығыстағы көршіміз үшін экономикалық инфрақұрылым маңызды. Сондықтан Қазақстан қаржы секторындағы қазақ-қытай іскерлік жүйесін қалыптастыруға күш салып келеді: «Астана» халықаралық қаржы орталығы қытай компанияларының үлесін арттырып жатыр, Қазақстан даму банкі еурооблигацияны Қытай юанымен (Dim Sum bonds) орналастыра бастады. Мұның барлығы кәсіпкерлердің сенімін ұлғайтуға көп көмегін тигізуде. Мысалы, Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінде 15 миллиард доллардан асатын 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойылды. Тренд Ақорда Тағайындау Астана АЭС Заң және тәртіп Дерекқор Kazinform-105 14:41, 03 Қыркүйек 2025 | GMT +5 $15 млрд инвестиция, бірлескен жобалар және «ТрансАлтай диалогі»: Президенттің Қытайға сапары қалай өтті АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мемлекет басшысының Қытайға жасаған сапары мәресіне жетті. Осы аралықта Қытай тарапының Қазақстанға деген ерекше құрметін, болашақта жүзеге асатын еларалық жобалардың жай-жапсарын байқадық. Kazinform тілшісі Мемлекет басшысының сапары қалай өткенін, ортақ келісімдер ел экономикасына қанша табыс әкелетінін тарқатып көрді. Бөлісу: Коллаж: Kazinform/ akorda.kz Дипломатиялық деңгей Алдымен сапар басындағы дипломатиялық ишарадан бастайық. Шығыстағы көрші елге аяқ басар тұста Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент мақаласы жарық көрді. «Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation» («Қазақстан мен Қытайдың берік әрі сенімді қарым-қатынасы — табысты ынтымақтастықтың кепілі») атты мақалада қос мемлекеттің саяси-экономикалық бағдары талданған. Әсіресе өткен жылы екіжақты сауда-саттық көлемі 44 миллиард долларға жеткені, 2005 жылдан бері 27 млрд доллар инвестиция түскені айтылған-ды. Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ секілді ұйым саяси байланыстың алдағы даму траекториясын айқындайтынын сөз еткен. Фото: Ақорда Расында, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі ретінде позициясын күшейтіп келеді. Елімізде қытай капиталының үлесі бар алты мыңға жуық компания жұмыс істейді. Олар технология мен өнеркәсіпті жаңғырту ісінде шешуші рөл атқарып отыр. Қытайтанушы Нәтижан Мұқаметханұлының сөзінше, мұндай үрдіске геосаяси ахуал түрткі болуы ықтимал. — Қытай Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуға, экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Өйткені соңғы жылдардағы халықаралық қатынастар олардың сыртқы саясатын қайта реттеуге мәжбүрледі. Қытай Қазақстанмен байланысын дамыту арқылы Орталық Азия, Батыс Азия елдерімен байланыстарын нығайта алады. Ал «Белдеу мен жол» жобасы мен ШЫҰ арқылы жаһандық жетекші позициясын күшейтуді көздеп отыр. Осы тұрғыдан қарасақ, ҚХР сыртқы саясатындағы Қазақстанның геосаяси және геоэкономикалық маңызы арта түсуде, — дейді сарапшы. Бұл пікірдің мысалын Президент сапарының алғашқы күнінен-ақ байқадық. Себебі, Си Цзиньпин ШЫҰ отырысына келген 22 көшбасшының тек үшеуімен жеке кездесу өткізді — Ресей, Үндістан, Қазақстан басшыларымен ғана жүздесіп кешкі ас ішкен. Ресми протоколсыз, емін-еркін форматтағы жақындықты білдіреді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсетілген мұндай ілтипат «ала қойды бөле қырыққандық» емес, керісінше әлемдік аренада Орта державалардың да салмағы барын көрсету әрі Қазақстанның саяси-экономикалық әлеуетіне деген оң баға деп қабылдаған жөн. Фото: Ақорда Жалпы Мемлекет басшысының Си Цзиньпинмен өткізген ресми келіссөзі кезінде де екеуара жылы шырай сезілді. Маңыздысы, ҚХР Төрағасы Қазақстанның Орталық Азиядағы мызғымас орнын меңзеп, аймақ келешегіне қатысты шешімдерге дәнекер болғанын баса айтты. — Сіздің төрағалығыңызбен екінші «Қытай — Орталық Азия» саммиті табысты өтті. Біз Қытай мен аймақ елдерінің ынтымақтастық рухына сай келетін және Қытай — Орталық Азия диалогының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжаттар қабылдадық. Сондай-ақ қытай-қазақ қатынастарына тың серпін беретін жаңа стратегиялық уағдаластықтарға қол жеткіздік. Халықаралық ахуал қалай құбылатынына қарамастан, Қытай мен Қазақстан — бір-біріне әрдайым сенім артып, арқа сүйей алатын стратегиялық серіктестер, — деді Си Цзиньпин. Ауғанстан, су тапшылығы: Саммитте не айтылды? Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитінде қаржы саласынан бастап халықаралық қауіпсіздікке дейінгі мәселелер көтерілді. Сөз кезегі тиген әрбір президент ортақ кедергілерді талқылып, аймақтағы келеңсіздікті шешудің кілтін ұсынуға тырысқан. Тақырыптың географиялық ауқымы, ықтимал шешімдері сәт сайын кеңейіп отырды. Жиында Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Иран президенті Масуд Пезешкиан пікір білдірді. Орталық Азияның мемлекет басшылары да қалыс қалмай, түрлі бағыттағы талқыға үн қосқанын көрдік. Фото: Ақорда Әлем елдері көшбасшыларының басын қосқан жиынның басты мақсаты — ұйымның онжылдыққа арналған даму стратегиясын бекіту. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бірнеше тезисті тарқату орынды. Өйткені Мемлекет басшысы қолдаған және ұсынған бастамалардың ішінде Қазақстанға тікелей қатысты жобаның саны басым. Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударған. Оның айтуынша, бұл бағыт халықаралық терроризм, діни экстремизм, есірткі тасымалы, заңсыз көші-қон, киберқылмыс және басқа да деструктивті үрдістер дендеп тұрған шақта аса маңызды. Сол үшін еліміз ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталығын ашу жобасына қосылды. Әсіресе, Ауғанстанның легитимді билігін қолдауды тоқтатпау керек. Осы орайда Мемлекет басшысы ШЫҰ елдерінің Ауғанстанды қолдау идеясын құптап, көмекті Алматыда ашылған БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаты жөніндегі өңірлік орталығы арқылы жүзеге асыруды ұсынды. — Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға шақырамын. Сол арқылы аталған мемлекетті қалпына келтіріп, өңірлік және экономикалық процестерге қатыстыра аламыз. Қазақстан Ауғанстанның бірқатар инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларының құрылысына кірісті. Бұл ШЫҰ мемлекеттері арасындағы өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Тамыз айының басында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының қатысуымен Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық ресми түрде ашылды. ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерге барлық басым бағытта белсенді аймақтық байланыс орнату және күш-жігерді үйлестіру үшін аталған Орталықтың әлеуетін бірлесе пайдалануды ұсынамыз, — деді Президент. Трансшекаралық өзендер мен су тапшылығы мәселесі де қараусыз қалмады. Орталық Азияның келешек «бас ауруына» айналған мәселеде Қазақстаның ұстанымы анық естілді. Бастысы, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ШЫҰ-ның Су проблемаларын зерттеу орталығын ашуды ұсынды. Жоба жүзеге асса, өңірдегі су тапшылығы мәселесі айтарлықтай жеңілдеуі мүмкін. — Климат өзгерісі шекара таңдамай, әлемнің көптеген елі мен өңіріне қауіп төндіріп отыр. Нақты қатерлерге, мәселен, шөлейттенуге, құрғақшылыққа, су қоймаларының тартылуына, мұздықтардың еруіне және басқа да экологиялық мәселелерге қарсы күрес стратегиясын бірлесе әзірлеу өзекті. Сондықтан Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз, — деді Мемлекет басшысы. ШЫҰ Даму банкі мен ЖИ иірімі Қазір сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру өзекті болып отыр. Ұйымға мүше кей ел санкциялық қысымға ұшырап, еркін саудадан қағылған тұста бірлесе даму оңай шаруа емесі аңғарылды. Сондықтан ШЫҰ жаңа экономикалық шешімдер қабылдауға көшкен. Олардың қатарында инвестициялық жобаларды қолдау орталығы мен ШЫҰ Даму банкін құру бастамасы бар. Қазақстан аталған идеяға қарсы емес, тіпті бұдан тиімді мүмкіндік көріп отыр. Содан болар, Президент Астана халықаралық қаржы орталығының базасында ШЫҰ офисiн құруды алға тартты. Бұл орталық инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және заң, консалтинг және қаржы компанияларының қызметiн біріктіру үшін қолданылмақ. Фото: Ақорда Бүгінде жоғары технологиялар мен цифрландыру саласы әлеуетті бағытқа айналған. 2033 жылға қарай ЖИ нарығының көлемі 5 триллион долларға жетіп, осы сектордың әлемдік технология индустриясындағы үлесі 30 пайызға дейін ұлғаяды деген болжам бар. Осы мақсатта ШЫҰ жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құруға ниетті. Президент жасанды интеллектіні қарқынды дамытуда ШЫҰ әлемде көш бастай алатынын айтып отыр. Тіпті нақты қадам ретінде ШЫҰ-ның жасанды интеллект бойынша тұрақты сарапшылар форумын өткізуді ұсынды. — Алғашқы кездесуді Астанада Digital Bridge беделді форумы аясында өткізуге дайынбыз. Бұдан бөлек, еліміз 2027 жылы «ШЫҰ-ның экономика қызметіндегі жасанды интеллект» тақырыбында жоғары деңгейдегі конференция ұйымдастыруға ниетті. Ал келесі жылы Ұйым елдері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірге жаңа технологиялық дәуірдегі ақпараттық саясат проблемаларын талқылауға әзірміз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Біздегі жасанды интеллект игілігі қалай көрініс береді, ауқым қалай болмақ? Қазір суперкомпьютерлерді әкелу, маман даярлау сәтті жүріп жатыр. Алайда мұның барлығы инвестиция тартуға жеткіліксіз. Президент қытайлық инвесторларды жеке жобаларға ғана емес, бүтін қаланы — «Alatau City» шаһарын құруға шақырып отыр. Яғни, жаңа қала аймақтағы инновацияны, криптоиндустрия мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытатын қуатты орталық болуға тиіс. Үкімет «Alatau City» біртұтас экожүйе ретінде арнайы мәртебе беруді де қарастырып отыр. Қазірдің өзінде шығыстағы көршіміздің China State Construction Engineering Corporation компаниясы қызығушылық танытқан. «ТрансАлтай диалогі» Орта дәлізді дамыта ма? Қазақстан үшін көлік-транзит саласындағы серіктестікті жетілдіру ауадай қажет. Бұл — мемлекеттің халықаралық логистикалық хаб құру амбициясын берік ұстануының бірден-бір тетігі. Оған қоса Қытай мен Еуропа арасында құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтетінін ескерсек, теміржол желілері мен порттар құрылысы келешек көрсеткішке тікелей әсер етеді. Биыл «Достық — Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылады. Демек, Қазақстан арқылы өтетін «Қытай — Еуропа» транзит дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артпақ. Ал алдағы уақытта Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы 10 миллион тонна жүк өткізу жоспарланған. Бұрын Солтүстік — Оңтүстік және Шығыс — Батыс көлік дәліздері белгілі еді. Кейінгі жылдары «ТрансАлтай диалогы» айтыла бастады. Әзірге белгілісі, «ТрансАлтай диалогы» төрт елдің қатысуымен жүзеге асады. Фото: Ақорда — Аталған жобаға Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елдері қосылып, Еуразиядағы «Алтай» аймағының жер көлемі, халық саны, экономикалық қуаты секілді бірегей әлеуетін тиімді пайдалана алады. Ірі жобалар мен жоспарларды іске асыру үшін мемлекеттер арасындағы көлік байланысын нығайтып, транзиттік-тарифтік стратегияға сай келетін тәсілдерді ойластыруымыз керек. Бұл мәселе Ақтау қаласында қараша айында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының порттары мен логистикалық орталықтары басшыларының алғашқы форумындағы келіссөздер мен пікірталастарға арқау болуы мүмкін, — деді Президент. Сонымен, Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитінде 20 құжатқа қол қойылды. Арасында Тяньцзинь декларациясы, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту жол картасы, Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласын 2025-2026 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешімі бар. 15 млрд доллар инвестиция тартылды Мемлекет басшысының ҚХР-ға сапары аясында Бейжіңде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Жиынның ел экономикасы үшін алатын орны ерек. Себебі шараға екі елдің бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысқан. Мұнда энергетикалық ынтымақтастық, логистикалық және өндірістік тізбектерді кеңейтуге арналған жобалардың жүзеге асқанын көрдік. Жалпы, отандық нарыққа Қытай инвесторларының келу үрдісі бұрыннан бар. Бұған дейін CNPC, CITIC, SINOPEC, HUAWEI, SANY секілді әлемдік деңгейдегі алпауыт корпорациялар жұмыс бастаған болатын. Алдағы уақытта Атырау облысына — Sinopec компаниясы, Шымкент қаласына — CNPC компаниясы, Маңғыстау облысына — China Huadian Corporation компаниясы келмек. Президенттің ендігі бағдары жаңартылатын энергетикаға ойысқан. Ол үшін қытайлық компанияларға сенім артып отыр. Оның бір дәлелі, Мемлекет басшысы Қытайдағы сапары аясында Жамбыл облысындағы жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауытты іске қосты. Аталған жобаны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Қытайдың SANY Renewable Energy компаниясы жүзеге асырған. Алдағы уақытта China Power International Holding және China Energy секілді жетекші компаниялар да салаға инвестиция салуға ниетті. Фото: Ақорда Қытайтанушы Нәтижан Мұқаметханұлының пікірінше, келешекте инвестиция көлемі әлі де артады. Оған бірнеше себеп бар. — Екі ел арасында визасыз барып-келу режимі қолданысқа енді, туристік индустрия жанданып, қытайлық мәдениеттің ықпалы тереңдеді. Содан бері Қытайдың Қазақстан экономикасына, қаржы нарығына, жаңа технология саласына деген қызығушылығы тереңдей түсуде. Алдағы жылдары Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі энергетикалық және энергетикалық емес саладағы ынтымақтастық дамитыны сөзсіз. Жаңа технология саласында, жасанды интеллект индустриясы, цифрлық экономика серпін болады, — дейді спикер. Шығыстағы көршіміз үшін экономикалық инфрақұрылым маңызды. Сондықтан Қазақстан қаржы секторындағы қазақ-қытай іскерлік жүйесін қалыптастыруға күш салып келеді: «Астана» халықаралық қаржы орталығы қытай компанияларының үлесін арттырып жатыр, Қазақстан даму банкі еурооблигацияны Қытай юанымен (Dim Sum bonds) орналастыра бастады. Мұның барлығы кәсіпкерлердің сенімін ұлғайтуға көп көмегін тигізуде. Мысалы, Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінде 15 миллиард доллардан асатын 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойылды. Фото: Ақорда Кеңестен кейінгі кездесу Президент қытайлық инвесторлармен жалпы жиыннан бөлек жеке кездесу де өткізді. Байқағанымыз, екеуара әңгімеде маңызды жобалар талқыланып, ел экономикасына ауқымды инвестиция тартылған. Тарқата баяндасақ: · China Energy Engineering Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын тұрақты электр желілерінің құрылысын жүргізуге ниет танытып отыр; · Huawei ақпараттық технология, жасанды интеллект және үлкен дерекқорды талдау салаларында отандық білікті кадрлар даярлау ісіне үлес қосуға ниетті; · Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясы (CNNC) Қазақстанның екінші АЭС-ін салуға атсалыспақ; · CRRC локомотив өндірісін жоспарлап отыр. Ынтымақтастықтың екінші «Алтын 30 жылдығы» Тәуелсіздіктен бері жалғасқан рухани байланыс кейінгі жылдары жаңа деңгейге көтерілгенін білеміз. 5 күнге созылған сапарда қазақ-қытай мәдени қатынасы атаусыз өтпеді. Сапар аясында елімізде Лу Бань зертханасының екінші және үшінші орталықтары ашылды. Ал Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы жұмысын бастады. Мемлекет басшысы орталықтың ашылу рәсіміне қатысып, еларалық байланыс дәуірін ынтымақтастықтың екінші «Алтын 30 жылдығы» деп атады. — Мұны, шын мәнінде, тарихи оқиға деуге болады. Бұл — қазақтың қытай халқына деген риясыз көңілі. Сондай-ақ қытай жұртының қазаққа білдірген достық пейілі. Мәдени-гуманитарлық байланысымыз берік болса, достығымыз да нығая түседі. Өнер мен мәдениет — түрлі халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Жалпы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас өте жоғары қарқынмен дамуда, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Жаңа ашылған мәдени кешенде кітапхана, қазақ тілі мен музыка бөлмелері, шығармашылық кабинеттер мен көрме залы бар. Сонымен қатар археология, зергерлік өнер, қару-жарақ, ұлттық аспаптар мен этнографияға арналған бес бөлім жұмыс істейді. Жас өрендерге мұнда қазақтың мәдениетімен танысуына мүмкіндік бар. P.S. Президенттің ҚХР-ға жасаған сапары Бейжіңдегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадпен түйінделді. Саммит қонақтары Қытай әскерилерінің шеруі мен қорғаныс техникаларын тамашалады.