Ұлы тұлғалардың есімі ардақталады

(0 Votes)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауының басымдықтарымен үлкен қызығушылықпен танысып шықтым. Осы орайда, ең  алдымен назар аудартқаны – Жолдаудың  "Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойларын атап өту кезінде ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеу керек"-деді.

 Ендігі жылы елімізде әл-Фараби мерейтойымен бірге ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы да атап өтілмек.

26 тамызда мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Әл-Фарабидің 1150 жылдық   және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойғаны есімізде.

Абай шығармаларын жас ұрпақ бойына ана сүтімен сіңіруге, қадір-қасиетін түсіндіруге бір кісідей атсалысамын.

Білім беру ұйымдарында  Абай өлеңдерін жаттату, қойылымдар қою,  «Әлемнің екінші ұстазы» атанған күллі түркі жұртының бас ойшылы  Әбу Насыр Әл-Фарабидің шыққан тегі, мұраларымен таныстыру жөнінде іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспарланып, насихатталса деймін.

Е.ЖОЛАМАНОВ,

аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз