Тоқаев сөгісінен кейін: министр Қарашөкеев қант саласы қалай дамитынын айтты

(0 Votes)

Қант саласын мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары күшейтіледі, деді министр.

Елді қантпен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі шикізат базасын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол үшін жаңа суармалы жерлер пайдалануға енгізіледі, деді ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
"Елді қантпен қамтамасыз ету мақсатында жаңа суармалы жерлерді, суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту, сондай-ақ қолданыстағы қант қызылшасы қайта өңдеу қуаттарын техникалық және технологиялық тұрғыда қайта жабдықтау, қант зауыттарын салу және модернизациялау есебінен шикізат базасын ұлғайтуды қарастыратын қант саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленеді. Сәйкесінше қант саласын мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары да күшейтіледі", - деді Ербол Қарашөкеев үкімет отырысында.
Сондай-ақ ақ қант импортының көлемін ұлғайту және шикізат ретінде құрақ қантты өңдеу бойынша шаралар қабылданады.
Ауыл шаруашылығы министрі ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында сауда министрлігімен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді "айналмалы схема" бойынша қаржыландыруға басымдық беру, оның ішінде форвардтық келісімшарттардың механизмін дамыту мәселесі пысықталатынын атап өтті.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігі сауда министрлігімен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры және қолда бар көлемі туралы мәліметтерді автоматтандыру және интеграциялау бойынша жұмысты күшейтуді көздеп отыр.
"Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бөлшек сауда желілеріне қол жеткізу мәселесін шешу үшін "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп шаруаларды ірі сауда желілерімен интеграциялауға арналған қолдау тәсілдерін әзірлеу жоспарланып отыр. Әзірленіп жатқан субсидиялау, жеңілдетілген кредит беру жүйесін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өңдеуші кәсіпорындарға өнімді жеткізу және форвардтық шарттар негізінде тұрақты бағамен сауда жасау бойынша міндеттемелерімен сәйкестігі талқыланады", - деп қосты Ербол Қарашөкеев.
Еске салсақ, бейсенбі, 14 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында президент республикадағы қант тапшылығына қатысты жағдайға байланысты ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.

Sputnik

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521