Тұңғыш рет дауыс берді

(0 Votes)

Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінде орналасқан №206 референдум учаскесіне келушілер қатары көп.

Күндізгі уақыт бойынша дауыс бергендер саны - 530 адамнан асты. Оның ішінде ең жас дауыс беруші - Байдуллаева Ақзада. 18 жасқа енді толған мақаттық тұрғын алғаш рет сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Жас сайлаушы дауыс беру кезіндегі алғашқы сезімдерін де жасырмады.

"Бүгін елімнің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Кәмелет жасқа толып, сайлауға қатысып тұрғаным бірінші рет. ҚР-ның азаматшасы ретінде өз даусымды беруге келгеніме қуаныштымын",- дейді Ақзада Айболатқызы

Еске сала кетейік, бұл учаскеде барлығы
1365 тұрғын дауыс береді деп күтілуде.

А. Жұмабергенқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT