11 cәуір күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысы өтті. Отырысқа аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Әсел Қаржауова төрағалық етіп, кеңес мүшелері қатысты. Жеті бюро мүшесінің бесеуі қатысып, олардың саны отырыс жұмысын бастауға өкілеттік берді.
Күн тәртібінде аудандық мәслихат депутаттығына партиялық резервтік тізінен кандитат ұсыну және бастауыш партия ұйымдарын біріктіру және төрағасын қайта сайлау туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Гүлзада Есмырзақызы, Манарбек Орынбайұлы және Руслан Танатұлы өз арыздарына сәйкес аудандық мәслихат депутаттығынан шығуына байланысты, аудандық мәслихат депутаттығына партияішілік іріктеуге қатысушы, Мөлдір Серікқызы, Әділбек Есенгелдіұлы, Нұркен Тынышқалиұлының кандидатурасы ұсынылды.
Отырыс барысында кеңес мүшелері кандидаттарды бір ауыздан қолдап, «Maqat tynysy» газетінің бас редакторы М.Серікқызы, Мақат желілік өндірістік басқармасының жөндеу жөніндегі слесары Ә.Есенгелдіұлы және жеке кәсіпкер «Унгаров Н.Т» директоры Н.Тынышқалиұлын тіркеу үшін тізім аумақтық сайлау комиссиясына жолданды.
Екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі Гүлшат Түлкібайқызы тоқталып өтті. Партия филиалы жанындағы «Болашақ» бастауыш партия ұйымының «Ботақан» партиялық тобын «Мұра» бастауыш партия ұйымына біріктіріп, «Мұра» бастауыш партия ұйымының төрағасына Азамат Дәулетқалиев ұсынылды. Сондай-ақ, «Болашақ» бастауыш партия ұйымының «Туббольница» партиялық тобын «Денсаулық» бастауыш партия ұйымына біріктірілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Ә.Қасым
Сурет автордікі