ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Qazaqstan телеарнасындағы онлайн телемарафон кезінде сайлау учаскесінде орын алған құқықбұзушылық фактілеріне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, сағат 20-10-дағы жағдай бойынша сайлау учаскелерінен адамды күштеп шығару фактісі 32-ге жеткен.
"Жалпы, қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі ахуал тұрақты. Комиссия төрағаларының актілері бойынша, дер уақытында шешімін тапқан елеусіз оқиғалар орын алуда. Сайлау учаскелерінен барлығы 32 азамат шығарылды. Оған, негізінен себеп – сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау, учаскеде бейнетүсірілім жүргізу, комиссия мүшелеріне дөрекі мінез-құлық көрсету".