Респонденттердің 70 пайызы сайлауға қатысуға дайын – қоғамдық даму институты

(0 Votes)

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова алдағы президенттік сайлау елімізді үлкен өзгерістерге алып келетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдағы болатын сайлаудың негізі, әлеуметтік сектор мен экономикадағы өзекті мәселелерді шешудің қажетті шарты мен жолы – бұл трансформация. Осы мәселелерді шешпей, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту, елдің адами капиталын дамытудың тұрақты іргетасын қалыптастыру мүмкін емес. Бұл сайлау – Қазақстандағы демократиялық өзгерістердің нышаны болмақ, – деді сарапшы «Президент сайлауы: жаңа саяси дәуірге қадам» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысында.

Әсем Қайдарова халықтың президенттікке кандидаттардан үгіт-насихат науқанында қандай мәселелерді көтеруін күтіп отырғанын айта кетті. 

Біз институт ретінде қоғамда бірнеше зерттеу жүргіземіз. Сайлауалды бағдарламаға қатысты халықтың пікіріне құлақ түргенде олар ең бірінші әлеуметтік мәселелерге назар аударғанын күтеді. Қоғамда күн тәртібінен түспейтін бес-алты мәселе бар.  Екіншіден, Қазақстанның барлық аймағын толғандыратын мәселе – инфрақұрылым. Білім мен денсаулық сақтау сапасы да назарда. Соңғы бес жылда экономикалық-әлеуметтік мәселелер назардан түспей келе жатыр. Әсіресе 2022 жылы баса көңіл бөле бастадық. Халықты сайлаудан кейін күтілетін нәтижелердің қалай орындалуы толғандырады. Біз жүргізген әлеуметтік сауалнама респонденттердің 70 пайызы сайлауға қатысуға дайын екенін көрсетті, – деді «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары 

Алматыда «Президент сайлауы: жаңа саяси дәуірге қадам» атты «Sarap» эксперттік клубының ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының саяси зерттеулер орталығымен бірлескен аймақтық отырысы өтті. Шараны ұйымдастырушы – ҚР  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі саясаттанушылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, ҚР ҒЖБ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері және ҚҚДИ сарапшылары қатысты. Жиынға қатысушылар сайлаудың саяси жүйедегі рөлін талдап, кезекті сайлау процесіндегі инновациялар мен өзгерістерді, ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуді талқылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT