Реформа бар жерде өсу мен өркендеу де болады

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «реформация» деген бейнелі терминді жиі айтып жүр. Себебі, реформа бар жерде өсу бар, өркендеу бар екені сөзсіз.

Мәселен, XVI ғасырда Еуропада жүрген реформация тұтас дәуірдің жарқын символына айналғаны мәлім. Мұндай жаңғыруға гуманизм идеалдары негіз болды. Тарихтан білеміз, кейін «қасиетті» атанған Мартин Лютер ықпал еткен Батыс елдеріндегі реформация дінді қарадүрсін схоластикадан «Жаратқан Ие мен адам арасындағы тікелей, әрі ашық диалог» қалыбына көшірді. Шіркеу жоралғылары халыққа түсінікті тілде жүргізілетін болды. Дінмен біте қабысқан билік бұқараға мейлінше жақындай түсті. Еуропа халықтарының ахуалы жақсарып, ауқаты артты.

Қ.Тоқаевтың Қазақстандағы реформациясы зайырлы билікті әрбір қазақстандыққа барынша жақын етуге, мемлекет пен халық арасындағы диалогты күшейтіп, елдің билікке сенімін нығайтуға бағытталған. Осылайша, ел Президенті ел перзенті екенін паш етті. Халық күткен, қоғам біраздан ілгерілеткен күн тәртібін, өзекті мәселелерді көтерді және солардың нақты шешімін ұсынды.

Ол іргедегі бауырлас елдер соғысып, Батыс жұрты көмекке келіп, геосаяси дауыл тұрып, әлем әлемтапырық болып жатқанда кейбір саясаттанушылар, сарапшылар тарапынан «Қазақстан Президенті ірі саяси бастамаларын кейінге қалдыратын болар» немесе «реформаларының бесінші топтамасын шолтиған, қысқартылған күйде жариялайтын шығар» деген ой-пікір айтылып қалғанын да жасырмады. Бұл ретте Мемлекет басшысы ел үмітін ақтады, сөзінде тұрды.

Оның саяси бастамалары ауқымымен таңғалдырды, тәнті етті. Дүйім жұрттың тілегінің үдесінен шықты. Мәселен, жаңа облыстардың құрылуы мәселесін жұртшылық біраздан бері көтеріп келді. Бұл қадам өңірлердің, қалалардың қайта түлеуіне, жаңғыруына жол ашты.

Анархан Жұмабаева,

журналист, әлеуметтік ғылымдар магистрі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT